Атырау, 28 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ресей Украинаға "гуманитарлық жүк" жөнелтті

1 473 просмотра

Бүгін таңертең Мәскеуден «гуманитарлық жүк» тиеді делінген 280 көлік Украинаның шығысына жөнелтілді деп хабарлады ресейлік ақпарат құралдары.

Мәскеу облысы билігінің хабарлауынша, гуманитарлық жүк құрамында азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, ұйықтауға арналған қапшықтар және жылжымалы электр генераторлары бар.

11 тамыз күні Ресей Украинаға Қызыл Крест ұйымының басшылығымен және ресейлік әскерилердің қолдауынсыз гуманитарлық жүк жіберетінін хабарлаған. Украина ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Луганск қаласына Еуропа Одағы, Германия, Ресей және басқа да елдердің гуманитарлық көмегін Қызыл Крестің басшылығымен жеткізуге келісім берген. Киев кез-келген гуманитарлық жүкті ресейлік әскерилер алып жүрмеуі тиіс дейді.

Қызыл Крест гуманитарлық көмек жөнелтуге дайын екенін, бірақ Ресей тарапынан берілетін көмек туралы егжей-тегжейлі ақпарат қажет екенін мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

12 тамыз 2014, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.