Танымал америкалық әртіс Робин Уильямс 63 жасында өмірден озды. Ол өзінің Калифорниядағы үйінен өлі табылды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.
Полицейлердің айтуынша, әртіс өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Шілде айында бұқаралық ақпарат құралдары бұдан бұрын алкоголь және есірткіге құмар болған әртістің оңалту орталығында «ұстамдылықты қолдау» бойынша бағдарламадан өтіп жатқанын жарыса жазған болатын.
63 жастағы әртіс «Оскар» және бірнеше «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері. «Умница Уилл Хантинг» картинасындағы рөлі үшін ол үздік әртіс ретінде Америкалық кионоакадемияның марапатына ие болған.
Дереккөз: bnews.kz