Атырау, 12 мамыр 22:47
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

ДДҰ: Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны мыңнан асты

2 082 просмотра

Эбола безгегін жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 мыңнан асты, деп хабарлайды РБК Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпарат бойынша, эпидемиядан 1013 адам көз жұмды. Оның 52-сі соңғы үші күнде Батыс Африкада қайтыс болды.

Безгек ауруы биылғы жылдың наурыз айында Гвинеяда тіркелген болатын. Одан кейін ауру Либерия мен Сьерра-Леонеде тарады. Осы елдерде әлі күнге ауру өршіп тұр. Өткен аптада Эбола безгегін жұқтыру жағдайы алғаш рет Гонконгте тіркелді. Жұма күні Нигерияда ауруға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, бұндай шаралар Либерия мен Сьерра-Леонеде қабылданған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

12 тамыз 2014, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.