Атырау, 27 қараша 13:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

NCOC кеңсесі Астанадан Атырауға көшеді

1 634 просмотра

Жыл аяғына дейін Солтүстік Каспий жобасы операторы NCOC-дің кеңсесі Астанадан Атырауға көшеді деп жоспарлануда.

- Бұл өзгеріс Солтүстік Каспий жобасы қатысушыларының басқарудың жаңа операциялық моделіне көшуіне байланысты. Осы жүйе бойынша басқару құрамы мен мамандар Қашаған кен орнын әзірлеу бойынша жұмыстар жүріп жатқан жерге жақын болулары керек, - деп түсіндірді NCOC.

Солтүстік Каспий жобасы бойынша Консорциум қатысушылары бірыңғай бірлескен компанияға көшуге келіскендері туралы ақпарат маусым айында шыққан еді.

Осы бірыңғай бірлескен компания North Caspian Operating Company (NCOC) аталады деп болжам жасалуда.

Сол кезде бірыңғай операциялық компания қызметкерлерінің көп бөлігі Атырауда жұмыс жасайтын болады деп хабарланған. Ал мемлекеттік лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын қызметкерлер Астанада қалады.

NCOC қызметкерлерінің көп бөлігі Атырауға көшуді күзде бастайды. Алғашқы кезекте басқару құрамы, техникалық маманданған қызметкерлер келеді.

Мұнай өндірісінің мәжбүрлі тоқтатылуы, сондай-ақ, мұнай және газ құбырларын толықтай ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына кететін шығындар басшылықты күрт оңтайландыруды қолға алуға мәжбүрлеп отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА  

12 тамыз 2014, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.