Донецк облысындағы украин әскері. Украина, 6 тамыз 2014 жыл.Украинаның Донецк қаласында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы ұрыс барысында артиллерия нысанаға алған түрмеден 100-ден астам тұтқын қашып кеткен. Шабуыл барысында бір тұтқын оққа ұшқан деген дерек бар.
Донецк қалалық кеңесінің хабарлауынша, қатаң режимдегі, күзеті мықты түрмеде аса қауіпті саналатын тұтқындар отырған.
Ал украин әскерилерінің өкілі Андрей Лысенко үкімет күштері қаланы қайтарып алудың соңғы кезеңіне дайындалып жатқанын айтады. Үкімет әскері қазір Донецк мен сепаратистер бақылауындағы Луганск арасындағы қатынасты толықтай үзген.
Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған украиналық ақпарат құралдары Донецк қаласы бүгін де атқыланғанын хабарлап жатыр.
Дереккөз: azattyq.org