Атырау, 27 қараша 13:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Мина» үстіндегі үйлер

3 445 просмотра

Индер және Мақат аудандарында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ бастаған көшпелі топтың отырысы өтті.

ҚҰДЫҚТАР МЕН...

Индербор кентінде облыс шенеуніктері жергілікті басшылардың «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.   Биыл ауданның бес ауылындағы (Елтай, Өрлік, Көктоғай, Жарсуат, Бөдене ) жалпы құны1 млрд 787 млн теңге болатын су тазарту қондырғыларын (СТҚ) пайдалануға беру күтілуде. Яғни, жергілікті тұрғындардың ауыз суға қолы жетеді. 

Алайда, Елтай ауылы ауыз суға қол жеткізеді дегенге күмән бар, өйткені ауылдағы көшеішілік жеті бірдей құдық апатты жағдайға жеткен.

- Оларды жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылған жоқ. Бірақ, СТҚ-ын салушы мекемелер құдықтарды өздері  жөндеуге уәде берді, -деді Индер аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Елтай ауылынан шалғай орналасқан «Жас өркен» демалыс лагерінің күрделі жөндеуіне биыл 13 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмысы аяқталған, бірақ, тағы да 20 млн теңге жылу жүйесін қосу үшін бөлінеді.

Аудандағы бас ауыртар мәселелердің бірі - көпқабатты үйлерді жылыту жайы да сөз болды. Мұнымен қаржылық жағдайы мүшкіл «Таңат» ПИК-і (төрағасы Таңат СИСЕНҒАЛИЕВ) айналысады. Оның дебиторлық алажағы 3 млн 390 мың теңгені құраса, кредиторлық берешегі2 млн теңгеден асады.

Ауданда 67 көқабатты үй бар, оның 55-і дербес жылу қазандығын орнатып алған.

- Мәселе - орнатылған қазандықтардың техникалық талаптарға сай келмейтіндігінде. Мәселен, өткен жылы екі 40 пәтерлік үйге қондырылған дербес жылу қазандықтары қауіпті саналады. Сол себептен де оны қосуға ешкім рұқсат бермей отыр, -деді Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАН.

Дегенмен, индерборлықтар қыста дербес жылу қазандықтарын қолданады - аяздарда жылусыз отыра алмайды ғой.

МЕДИЦИНАНЫ ҰМЫТЫП КЕТКЕН

Мақатта ауданында мектептерінің жөндеу жұмысына биыл бюджеттен 5 млн 810 мың теңге, балабақшаларға 4 млн 467 мың теңге бөлінген. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің күрделі жөндеуіне қаржы сол күйі қарастырылмаған.

Мұнда да жылу мәселесінде Индердегі сияқты қиындықтар бар.

Аудандағы 98 көпқабатты тұрғын үй (оның72-і Мақат кентінде) көп жылдан бері тиісті инстанциялардың рұқсатынсыз дербес жылу қазандықтары арқылы жылытылып келеді. Бұл мәселе өзінің шешімін әлі таппай келеді.

ТЖ мұндай дербес жылу қазандықтарын қолдану қауіпсіз емес екенін айтып, рұқсаттарын бермей отыр.

Ал адамдар суықта тоңып қалмас үшін тәуекелге бел буып отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

11 тамыз 2014, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.