Атырау, 19 желтоқсан 11:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«”Санкциялар шайқасынан” Қазақстан ұтуы мүмкін». «Израиль агрессиясы - Палестинаның қасіреті». «”Қазақфильмді” сатқан дұрыс па?». «Сарапшылар Лавровтың сапарын түсіндіруге тырысты».«Рысбек пен Мамай оппозиция серкелеріне неге жала жауып отыр?».

2 617 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Ресейдің Еуропа импортынан бас тартуы Қазақстанға қалай әсер етеді?» - Кешелі бері Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған Еуропа елдерінен азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды.

«Израиль агрессиясы - Палестинаның қасіреті» - Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күн өткен сайын ушығып барады. Қазірдің өзіңде қаза болған палестиндіктердің саны 1800-ден асып кетті.

«Қазаққа қандай мамандық керек?» - Кеңес Үкiметi тұсында ауылдан келген қара көз қыздарымыз бен ұлдарымыз ҚазПИ, ҚызПИ, АШИ (СХИ), АЗМИ-дiң (АЗВИ) табалдырығын босатпайтын.

«Доп бар, стадион жоқ» - Жаза-жаза жауыр болған тақырыптар бар. Соның ішінде қазақ футболында өз маңызын жоймаған ең өткір мәселенің бірі инфрақұрлым десек, қателеспеспіз. Оның ішінде ел стадиондарының заман талабына сай болмауы футболымыздың кежегесін кейін тартып тұрғандай.

AIKYN.KZ   «”Қазақфильмді” сатқан дұрыс па?» - Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген жиынында Елбасы жекешелендіру үдерісі кезінде «ағайын-туыстық пен жекжаттықтан» аулақ болу керектігін айтты. «Әрбір нысан ашық түрде сатылуы үшін не істелді? Нысандар өз бағытын жоғалтып алмауы тиіс.

«”Санкциялар шайқасынан” Қазақстан ұтуы мүмкін» - Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында журналистермен кездескен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Ресейдің «Күнбатысқа» «жауап-санкцияларынан» еліміздің пайда табуды ойластырып жатқанын жария етті.

«50 мың қандасымыз құжатсыз жүр» - Қазақстан Президенті Назарбаев «Соңғы уақытта сырттан елге көшіп келуші оралмандардың саны азайды. Бұған бөлетін мемлекеттің ақша сомасы да төмендеді, бірақ біз қаражатты бөлуге дайынбыз.

TURKYSTAN.KZ   «Бұлар қай Мария Магдалинаны әнге қосып жүр?» - Аптаның жеті күні тойсыз өтпейтін болды. Оны «қазақтың аптасы тойсыз өтпейтін болды» десе де жарасқандай. Бұған да шүкір. Кешегі кеңес өкіметінің «кемелденген» тұсында да мұндай «аста та төк» той-томалақ апта сайын болған жоқ.

«Абай және Мағауия» - Бұдан тура 110 жыл бұрын, яки 1904 жылы көктемнің аяғында Абайдың «арқасын жүктен, алдын кісіден, аузын сөзден босатқан» сүйікті ұлы, ақын Мағауия көз жұмады.

AZATTYQ. ORG      «Сарапшылар Лавровтың сапарын түсіндіруге тырысты» - Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың Өскеменге жұмыс сапары аяқталды. Кей сарапшылар «бұл сапар Қазақстан мен Ресей арасында қандай да бір келіспеушіліктер барын аңғартады» деп жориды.

«Мәскеу Тәжікстандағы насихатын күшейтпек» - Ресейдің «Россия сегодня» ірі ақпарат агенттігі Тәжікстанда өкілдігін ашқалы жатыр.

ABAI.KZ.    «Атырауда жарылыс жасамақ болған Абдул Ваххаб» - Кейбір баспасөз беттерінде жазылып жүргендей, Атыраудағы  алғашқы  лаңкестіктік  әрекет   2011-ші жылы емес,  2005-ші жылы болғанын біреулер білсе, біреулер білмейді. Билікке ашық айбар көрсетіп, халық арасында дүрбелең туғызуды мақсат тұтқан  Абдул Ваххаб – Андрей Мироновтың Атырау қаласы әкімшілігінің ғимаратын жармақ болған  жымысқы әрекеті  облыстық ұлттық қауіпсіздік қызметі  сарбаздарының қырағылығы арқасында  жүзеге аспай қалды.

QAZAQUNI.KZ    «Рысбек пен Мамай оппозиция серкелеріне неге жала жауып отыр?» -Қазақ халқының 90 жылдық тарихы бар «Жас Алашы» неге  ниеті қисық, пиғылы пасықтардың  лас қолдарындағы атпал азаматтарды қаралау құралы болуы тиіс?!

«Қайтқан малда қайыр бар… Байқоңырды өзіміз игеруіміз керек» - Жаттың жерін жаулап алған бүгінгі орыс билігі саяси ғана емес, экономикалық жойқын қысымға түсті. Елдің қазынасы ортайып, өнер мен ғылымның марқасқалары В.Путиннің озбыр қимылдарына ашық қарсы шықты.

QAMSHY.KZ   «Қос азаматтығы барлар – отан сатқыны болып есептеле ме?» - Қазақстанда  бір басында екі елдің азаматтығы бар  депутаттардың бар екені анықталды. Бүгін  еліміздің Бас прокуратурасы Парламентте Ресейдің де азаматтары емін-еркін жұмыс істеп жүргенін жария етті.

8 тамыз 2014, 08:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.