AZATTYQ.ORG. «Үкіметтің жаңа құрылымы әртүрлі пікір тудырды» - Қазақстанда үкімет құрылымы өзгеріп, енді 12 министрлік қана қалды. Сарапшылардың арасында бұл реформадан үміт күтетіндер де, оны өзгеше жоритындар да бар.
«Өзбекстан облигация иелері үкіметке наразы» - Өзбекстан тәуелсіздік алған кезде шығарған мемлекеттік облигацияларының қарызын өтеуді бастады. Бірақ бұдан еш пайда көрмеген инвесторлар үкіметтің өздерін алдап соққанын ұқты.
EGEMEN.KZ. «Тегімізді түзетуге кедергі жоқ» - Ұлттық дәстүрге байланысты тегін ауыстыру туралы өтініш азаматтың тұрғылықты жері бойынша беріледі. Сонымен қатар, Интернет арқылы арыз беруге де мүмкіндік бар. Арыздар электронды Үкімет порталында www.e.gov.kz. арқылы толтырылады. Электрондық қызмет тек электрондық сандық қолтаңбалары бар, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсетіледі.
ALASHAINASY.KZ. «Мұстафа Шоқай Әмірені көргенде жылап жіберіпті» - Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ болатын. Жақында отандық телеарналардан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ тапсырысымен Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін лейтмотив еткен шағын бейнероликтер көрсетіле бастады. ...Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын дәл сол әнді әнші атамыз Париж сахналарында әуелеткен еді. ...Белгілі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкерім ...қазақ халқының маңдайына біткен біртуар жұлдызы, қайталанбас талант иесі Әміре Қашаубаевтың даусын сонау 1974 жылы алғаш тауып, көпшілікке ұсынған еді.
«Жапония Қырым секілді Ресейден Куриль аралдарын қайтарып алмақшы» - Ресей Украинаның жартылай аралы - Қырымды алған жолымен Жапонияда да 1945 жылы КСРО-ның заңсыз тартып алған Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи аралдарын қайтып ала алады. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымы Жапонияның бұрынғы қорғаныс министрі Юрико Коикэ мәлімдегенін хабарлайды.
«Жаңарған Үкіметке жүктелген жеті міндет» - Атқарушы биліктің атқамінерлері түгелдей қатысқан Ақордадағы алқалы жиынның негізгі тақырыбы ел Үкіметінің биылғы жартыжылдығын қорытындылауға арналды.
TURKYSTAN.KZ «Абай және Мағауия» - Бұдан тура 110 жыл бұрын, яки 1904 жылы көктемнің аяғында Абайдың «арқасын жүктен, алдын кісіден, аузын сөзден босатқан» сүйікті ұлы, ақын Мағауия көз жұмады.
AIKYN.KZ. «Қазақстанға халықаралық құжатты қайта қарау қажет пе?» - Айтарымыздың әлқисасын «Халықаралық келісімдердің кепілдігін қайта қарау керек» деген риторикалық мәселемен бастауға тура келіп тұр. Соңғы кездері Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің, әсіресе, Ресей президенті Владимир Путиннің Украина құрамындағы Қырым автономиялық республикасын Ресей Федерациясына қосу туралы заңға қол қойып, Қырымды аннексиялау құжатының бір-ақ күнде бекітілуі халықаралық келісімдерден де күш тая бастағанын айғақтап тұр.