Атырау, 27 қараша 12:45
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау желаяқ қажыға көмек көрсетті

2 545 просмотра

Атыраулық демеушілердің көмегі Меккеге жүгіріп баруды мақсат тұтқан желаяқ Дулат ИМАНҚАЖЫНЫҢ қажылық сапарын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік берді. Ұзақ сапарға аттандырып салған Астанадағы адамдар уәде еткен қаржыны аудармаған. Оны қажыға біздің қаламызда жинап берді.

Біз 47 жастағы астаналық Дулат Иманқажы туралы жазған болатынбыз: ол көптен бері қасиетті қалаға қажылық сапарға баруды армандаған, бірақ жолға қаржы таба алмағандықтан жаяу аттанып кеткен, дәлірек айтсақ, жүгіріп баруды шешкен («Желаяқ қажы»). Ол Атырауға 25 шілдеде жеткен еді және сапарын аяқтау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған (ақша оның есеп-шотына келісім бойынша Қостанайда жүргенде түсу керек болатын), бірақ оның қаржылық қиыншылығы туралы ақпарат облыстық билікке жетті.

- Астанадағы мешітті көмек көрсетуге уәде берген бизнесмендер ыңғайсыз жағдайда қалдырды. Біздің облыс әкімдігі атыраулық кәсіпкерлерге өтінішпен шыққан еді, ал, олар қажетті қаржыны жинап берді,- деді баспасөз конференциясында облыстық Дін істері агенттігінің басшысы Еркінбек ШОХАЕВ. – Сапар барысында қажетті визалар бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан қолдау көрсетіледі. Біздердің де қатысымыз болғандықтан, саяхатты ары қарай бақылап отырамыз.

Желаяқ Астанадан есеп-шотындағы 700 доллармен шыққан, ал қазір оның шотында 4000 доллардай қаржы бар – бұл сома діттеген мақсатына жетіп, елге әуе қатынасымен қайтуға толығымен жетеді.

- Сауд Арабиясында коронавирусты инфекция өршіп тұр, инфекция жұқтыру салдарынан орын алған өлім көрсеткіші, шамамен, 30 пайыз. Сіз осы ел билігі қажылық сапарға келушілерден талап ететін менингококты инфекция мен тұмауға қарсы екпе салдырдыңыз ба?

Иманқажы үшін Шохаев жауап берді, ол қажының Иранда міндетті екпелерді алатынын жеткізді. Оны осы елдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алып, бүкіл ел аумағында өз қамқорлығына алмақ.

Сенбі күні Иманқажы Ақтауға да жетті – қаржы күтемін деп бір аптадан астам уақытын жоғалтқандықтан пойызбен кеткен болатын. Ал, Ақтаудан Бакуге ұшып, сол жерден жүгіруді қайта жалғастырмақ.

- Әрі қарай Меккеге дейін жүгіріп барамын, - деді спортшы Атыраудағы баспасөз конференциясында. – Менің жүгіріп баратыныма күмән келтіргендердің де бар екенін білемін. Күмән келтірмеулеріңізді сұраймын – менің мақсатым адал, мен адамдарға өтірік айтпаймын. Егер Алланың қалауы болса, Бакуден бастап мақсатыма дейін тек жүгіріп жетемін.

Иманқажы үйіне Атырау арқылы оралуды жоспарлап отыр – қажылықтан кейінгі туған елдегі алғашқы қадамын алғыс ретінде осы жерде аттамақшы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

4 тамыз 2014, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.