AIKYN.KZ «Министрліктің мұнысы несі?» - Есеп комитеті Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көптеген жөнсіздіктерді анықтап отыр.
TURKYSTAN.KZ «Кей шенеуніктің құлқынын ақша тессе...» - Қазақстанда Қытай азаматтарына заңсыз виза беру ісі әшкереленді.
AZATTYQ. ORG «Ақшасы ұрланған “Қазақстан елшісінің” дәрежесі көбірек шу болды» - Ресей мен Қазақстан баспасөзі Санкт-Петербург қаласында «Қазақстанның өмірлік елшісінің» ақшасы ұрланғаны туралы жаңалық тараты. Ал іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты.
«Қазақстандықтың көбі өзін орта тап санайды» - Статистика агенттігі зерттеуі бойынша, үй шаруашылығы иелерінің 76 пайызы, ал ауылдық жерде олардың 77 пайызының тұрмысына көңілі толады. Ал халықаралық рейтингтердің мәліметі сәл басқаша.
«АҚШ-та “Кремль насихатшысын” тексеруді сұрады» - Ресей медиа-магнаты Михаил Лесин АҚШ сенатының қырына ілікті. Сенаторлар оның Лос-Анджелестен қымбат пәтер алуға ақшаны қайдан тапқанын тексеруді сұрады.
«”Қорғас ісі”: прокурор түрмеге жіберуді сұрады» - “Қорғас ісі” бойынша сотталғандардың айыптау үкіміне қатысты шағымын қараған Қазақстан әскери сотының апелляциялық алқасының шешімі жуырда шықпақ. Сот процесі тергеу абақтысының «ерекше залында» өтіп жатыр.
«Сот девальвация себебін БАҚ-тан білуді ұсынды» - Астана соты адвокат Анатолий Утбановтың ұлттық банке қарсы талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Ол жыл басындағы теңге девальвациясы себептерін түсіндіруді талап еткен.
ZHEBE.COM «Владимир Путинге Қазақиядан 20 сауал» - Саясаттанушы Расул Жұмалы талай қазақты алаңдатып жүрген біраз сауалды көрші ел президентіне арнапты. В.Путинге. Әрине, Ресей президенті біз түгілі әлемнің алпауыт державалары басшыларының сұрақтарына да жауап бергісі жоқ. Дегенмен, саясаттанушыны мазалаған сауалдар тұтас қазақты алаңдатары сөзсіз.
ABAI.KZ. «Ресей Байқоңырға қаржы бөлуді тоқтатпақ. Содан кейін?» - Ресей қаржы министрлігі Байқоңыр ғарыш айлағына қаржы бөлуді тоқтатпақ. Қаржы көлемінің қысқаруы 2015 жылы іске қосылуы тиіс “Восточный” космодромының салынуымен байланысты болуы мүмкін екен.
NAMYS.KZ «Зейнеп АХМЕТОВА: “Дардай азаматтардың сағыз шайнағанын көрмек түгілі, естімеген едік”» - Өзгелерді қайдам, қарсы алдымда сағыз шайнап тұрған адаммен әңгімем жараспайды. Әр адамның мінез-құлық, әдеті әр түрлі, мүмкін біреулер “сағыз шайнағанда тұрған не бар” дер. Неге екенін, аузы шайнаңдап, жағы бұлтылдап тұрып, амандасқанда, сөз сөйлегенде, аузында сағызы бар адам қарапайым адамдық әдепті аттап, сізді өзінің деңгейіне тең көрмей тұрғандай сезіледі.