Атырау, 19 желтоқсан 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресей олигархтарының жаппай елінен кетуі қазақ олигархтарына төнген қауіп пе?». «Қазақ тектілігі – ұлт көрсеткіші».«Қазақтың бойы қанша сантиметр?».«Санкцияның Қазақстанға «салқыны» тие ме?».«Теңге және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары».

2 177 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Ресей олигархтарының жаппай елінен кетуі қазақ олигархтарына төнген қауіп пе?» - Бүгіндері Ресейдің бай-манаптары шетелге жаппай ағылуда. Өйткені олар Путиннің саясаты кесірінен банкрот боламыз деп қорқады.

«Пәтерде тегін тұрғызған шынымен қайырымды жандар ма, әлде...?» - Осы сұрақ мені әлі күнге мазалайды. Бүгінгі қоғамда жастардың дінге бет бұрғанын, әрине, құп көреміз, бірақ әсіре діншілікке бой ұрып кетпесе екен деп те алаңдаймын. Мұндай қорқынышты өз басымнан өткердім.

«Қазақ тектілігі – ұлт көрсеткіші» - Қазақ менталитетінің бір қыры болған тектіліктің мәні тереңде жатыр. Тек – адамның түп нәсілін, арғы атасын білдіретін тарихи ұғым.

«Өзбек озып, қырғыз қапыда қалдырып кетті бізді» - Жасыратыны жоқ Қазақстан спорттағы жетістіктерін көрші Өзбекстанмен салыстырады. Мейлі футбол болсын, мейлі бокс болсын бұл екі ел арасындағы ұзақ жылдардан бергі тартыс әлі де жалғасып келеді.

«Қазақтың бойы қанша сантиметр?» - Бой туралы ой қозғасақ алдымен мына бір оқиға еске түседі. Қазақтың атақты ғалымы Қаныш ағамыз жолсапармен Англия жеріне қадам басқан. Кезекті қонақасының бірінде сол жердің азаматтарының бірі «Қазақ деген халықтың барлығы сіз секілді ірі ме» деген сауал қояды. Қалт айтса да қалып айтып көрмеген қазақтың ұрпағы Қаныш ағамыз сол жерді іркілместен жауап қайтарып, әлгі сауал қойған адамға «Мен өз ұлтымның ішіндегі ең бәкене бойлысы едім. Олар менен әлдеқайда биік» деген екен.

«Отбасын ойрандаған әйелдерді жазалайтын заң болса...» - Таяуда редакцияға орта жастан асқан келіншек келді. Отбасын сақтап қалу үшін әділдік іздеп жүргенін айтқан ол «Шындықты шыңғыртып жаза аласыңдар ма?» – деп сұрақты төтесінен қойды.

AIKYN.KZ   «Кредит-бұқа көз құртына айналды» -  «Әр ауылдың айналасында ескі тракторлар мен техникалар тот басып, үйіліп жатыр. Тұтас молалар... Онда балалар ойнайды. Сонда апарып, қоқыстарды лақтырады. Мұнымен кім айналысады?

«Өсімқорлықтан құтылмай, оңбаймыз» - Екінші деңгейдегі банктеріміздің жағдайы дұрысталмай тұр. Бұл жайлы талай айтылды.

«Санкцияның Қазақстанға «салқыны» тие ме?» - Еуроодақ мінез танытты. Бұған дейін АҚШ-тың айтқанына көнгісі келмей, біраз бұлтақтаған. Онда да саясаткерлер емес, өндіріс басшылары.

AZATTYQ. ORG     «Ақшасы ұрланған “Қазақстан елшісінің” дәрежесі көбірек шу болды» - Ресей мен Қазақстан баспасөзі Санкт-Петербург қаласында «Қазақстанның өмірлік елшісінің» ақшасы ұрланғаны туралы жаңалық таратты.  Ал іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты.

«Теңге және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары» - Қазақстан ұлттық банкі «Батыстың Ресейге қарсы санкциялары күшеюіне байланысты скептиктердің болжамына қарамастан, теңге курсы өсті» деп мәлімдейді. Билік ақшаны доллармен емес, теңгемен сақтауға шақырады.

1 тамыз 2014, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.