ALASHAINASY.KZ «Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?» - Осы жұмада Ресей қатты қауіптенген Еуропалық одақтың кезекті санкциясы іске қосылады. Әрине, бұл Ресей экономикасының тынысын одан сайын тарылта түсері сөзсіз.
«Кинотеатр көп, бірақ өлі залдар одан да...» - Соңғы 10 жылда елімізде театрға барушылар саны 50%, музейлерге - 25%, кітапханаға - 40%, концерт залдарына – 100%-ға өссе, киноға деген қызығушылық – 400%-ға дейін күрт өскен.
TURKYSTAN.KZ «Сот шешімі шықты» - Адвокаттар "сауатсыз" деп бағалаған сараптама қорытындысы қайта жасалған жоқ.
«Ресей және ЮКОС» - ЮКОС дауына нүкте қойылды. Гаага соты он жылға созылған ЮКОС компаниясы мен Ресей арасындағы дауды доғарып, біржақты шешім шығарды.
«Қажылықтан бас тарт деген кім?» - Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға қажылықты басқа кезеңге ауыстыруға кеңес берді.
AZATTYQ. ORG «Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады» - АҚШ пен ЕО осы аптада Ресейге байланысты жаңа санкциялар қабылдады. Қазақстандық мамандар көрші мемлекетке қарсы бұл шараның өз елдеріне қандай әсері боларын болжайды.
«ИШИМ Ирактың киелі орындарын қиратып жатыр» - ИШИМ ұйымы Ирактың солтүстік-батысын басып алды. Енді олар билігін нығайтуға тырысып жатыр. Бірақ өзін өзі жариялаған «халифат» әуелі «исламға қайшы» дүниелерді қиратуға кірісті.
«Мешітке барған жігіт шалбарына бола соққыға жығылды» - Қырғызстандағы Ош қаласының 19 жастағы тұрғыны мешітке балағы шолақ шалбар киіп келгені үшін таяқ жеді. Сарапшылар бұл оқиғаны діни радикализм деп сипаттайды.
AIKYN.KZ «Әлішер КӘРІМОВ: Мені орыс тілінде ән айтуға мәжбүрледі» - Латвияның Юрмала қаласында өткен “Жас толқын - 2014” байқауында ел атынан бақ сынаған Әлішер Кәрімов журналистермен жүздесіп, өнер сайысынан алған әсерін бөлісті.
«”Қашаған” “қара алтынын” бермейтін болды» - Бірақ Қазақстанға осы істемей тұрған кен орнынан да кіріс түсуде екен. Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин хабарлады.
«Қызың кетті қырымға...» - Жуырда әлеуметтік желілердің бірінде сыртта білім алған қыздардың шетелдіктерге тұрмысқа шығуының жиілеп бара жатқаны, елге қайтпай, сонда қалып қоятындығы туралы пікірталас өрбіді.
ULT. «Сәләфилер дегеніміз кімдер?» - ...және олардың Абдул Уахабтың жолын ұстаған салафилерден айырмашылығы қандай?
QAMSHY.KZ «ЕЭАО нені көздейді» - Қазақстандық және ресейлік ақпарат беттері экономикалық одақтың өз валютасы болатыны туралы жарыса жазуда.