Атырау, 24 қараша 19:13
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Ресейдің үш банкіне санкция салды

2 278 просмотра

АҚШ қаржы министрлігі Мәскеудің Украинадағы іс-әрекетіне жауап ретінде Ресейдің үш банкі мен кеме жасаушы компаниясына қарсы санкция салды.

Енді АҚШ азаматтары мен компанияларына "Москва банкі", ВТБ банкі және "Россельхозбанкке" 90 күннен артық мерзімге несие беруге тыйым салынады. Бірақ америкалықтар бұл банктермен басқа операцияларды бұрынғыдай жүргізе алады. Сонымен бірге, АҚШ азаматтары мен компанияларына санкцияға ілінген Санкт-Петербургтің Біріккен кеме құрастыру корпорациясымен бизнес жүргізуге тыйым салынды.

Бұған дейін Еуропа Одағы арасында Ресей президенті Владимир Путиннің іскер төрт серігі бар ресейлік тағы сегіз азамат пен үш компанияға қарсы санкциялар енгізген еді. Еуропа Одағы осымен 87 азамат мен 20 компанияға қарсы санкция салып отыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 шілде 2014, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.