Ливия жағалауында заңсыз мигранттарды тасымалдап бара жатқан кеме апатқа ұшырап, салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды, тағы ондағаны із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы 29 шілде күні елдің теңіз флоты командованиесінің өкілі Аюб Кассем мәлімдеді.
Оның айтуынша, төтенше жағдай Эль-хумс қаласының маңында (Триполиден шығысқа қарай 100 шақырым жерде) орын алған. Мигранттар отырған кемеде шамамен 150 адам болған. Орталық және оңтүстік Африкадан шыққан олар Италия жағалауларына жетіп алуды көздеген.
Кассем апаттан аман қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.