28 шілде күні таңда Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан басы жарылған ер адамның мүрдесі табылды.
Сол күні полиция марқұмның 53 жастағы әйелін ұстады. Ол полицияға берген жауабында түнде сарайда ұйықтап жатқан күйеуінің басынан бірнеше рет темір тұрбамен ұрғанын мойындаған. Ал қолын қанға бояуға итермелеуге күйеуінің үйде жиі жанжал шығаруы себеп болғанын айтқан.
Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ хабарлағандай, әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлімімен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА