Атырау, 27 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұшыру уақытын кейінге шегерді

2 130 просмотра

28 шілдеде 19 сағат 12 минутта Атырау қаласының әуежайында Алматыға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағының сапары тоқтатылды.

«Ұшақ 350 метр ұшу жолағынан өткенде, экипаж ұшақты тоқтатты. Бұған тұрақты ток сақтандырғышының істен шығуы салдарынан ұшақ жүргізудің есептеу жүйесінің (FMS) келісілмеуі себеп болған, -делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. – Ұшақ бортында 110 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар түсірілгеннен кейін Атырау қаласының әуежайына орналастырылды. Тергеу ісімен «Атырау қаласының халықаралық әуежайы» АҚ комиссиясы айналысуда».

Бізге белгілі болғандай, сақтандырғышты ауыстырғаннан кейін сол күні кешке сағат 22.46-да Fokker 100 ұшағы Алматыға ұшып кетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 шілде 2014, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.