Атырау, 6 желтоқсан 03:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанның СІМ жауапты хатшысы тағайындалды

2 917 рет қаралды

Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Анарбек Бақтығазыұлы Қарашевқа дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлінің жауапты хатшысы қызметін Асқар Мусинов атқарған болатын.

Айта кетейік, Анарбек Бақтығазыұлы1992-1994 жылдар аралығында Қазақстанның СІМ екінші хатшысы болған еді. 1994-1995 жылдары – үшінші хатшы, Қазақстанның Германияғы елшілігінде екінші хатшы, 1996 жылы Қазақстан Президенті әкімшілігінің сектор жетекшісі қызметтерін атқарды.

Австрия Республикасындағы Қазақстанның елшілігінде бірінші хатшы, ҚР СІМ Келісімдік-құқықтық басқармасында халықаралық келісімдер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Швейцария Конфедерациясында ҚР елшісінің кеңесшісі болды, 2003-2008 жылдар аралығында Франкфурт-на-Майнда (ФРГ) ҚР елшілігінде бас консул болса, 2008 жылдан бері Чех Республикасында Қазақстан елшілігінде Төтенше және өкілетті елші лауазымды қызметін атқарған.

Дереккөз: BAQ.KZ

29 шілде 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.