"Әуе навигациясы қызметінің мамандары бейсенбі күні Алжир қаласынан Уагадагу қаласына ұшып шыққан Air Algerie әуе компаниясына тиесілі ұшақпен байланысын жоғалтқан" делінген аталған компания таратқан мәлімдемеде.
Белгілісі, байланыс лайнердің әуеге көтерілгенінен 50 минуттан кейін үзілген. РИА Новостидің хабарлауынша, жоғалған А320 ұшағында кемі 112 адам болған.
Айта кету керек, соңғы кезде жолаушылар ұшақтарына қатысты түрлі оқиғалар орын алуда. Күні кеше Тайваньда бортында 58 адамы бар лайнер апатқа ұшыраса, 17 шілде күні малайзиялық Боинг-777 ұшағын Украинада атып түсірді. Ол кезде лайнерде болған 298 адамның барлығы қаза тапты. Ал, ағымдағы жылдың 8 наурызында тағы сол малайзиялық компанияның жолаушылар ұшағы ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.
Дереккөз: Baq.kz