"Біздің қызметкерлеріміз әзірге зымыранды нақты кім жібергенін, қай ұлттың өкілдері екенін анықтай алған жоқ. Америкалық ресми тұлғалардың айтуынша SA-11 ("Бук" ЗЗК батыстық атауы) зымыранан дәл осындай зымыранды жүйені меңгерген Украина әскерінің дезертирлері іске қосқан", дейді барлау қызметінің өкілі.
Таяуда АҚШ барлау қызметі арнайы брифинг кезінде Украинаның оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 ұшағын кім атып түсіргенін нақты білмейтінін, алайда жасақшылардың қателесіп атып алуы мүмкін екенін айтқан болатын. Барлаушылардың айтуынша, Ресей жасақшыларды қаруландырады, бірақ Вашингтон Ресей билігінің осы оқиғаға қатысы барлығына, "Бук" зенитті-зымыранды кешінінің Ресейдікі екеніне ешқандай дәлел келтіре алмай отыр.
Донецк Халық Республикасының жасақшылары жолаушылар ұшағын қателесіп атып алуы мүмкін деген болжамды БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин де айтқан еді. Оның айтуынша, егер бұл жасақшылардың ісі болса, онда ол оқыс жағдай. "Жазбаларға сәйкес Украинаның шығысындағылар әскери ұшақты аттық дейді, Егер олар әскери ұшақты аттық деп санаса, ол конфуз. Егер бұл конфуз болса, терраристік акт болып саналмайды" дейді "CNN" дипломаты.
"РИА Новостидің" хабарлауынша, америкалық публицист, сарапшы Роберт Перри "Los Angeles Times" газетіндегі мақалаға өз пікірін білдірген. Оның айтуынша, Украинада апатқа ұшыраған жолаушылар лайнерінің айналасында ақпараттық соғыс туғызған АҚШ барлау қызметінің деректерін тиісті саясаткерлерге беріп отыр. Ирактағы соғыстың алдында да дәл осылай болған.
Бұған дейін Перри анонимді дерек көздеріне сүйене отырып, Америка барлушыларында зымыранды жіберген Украина әуе күштері батареясының фотосуреттері бар екенін айтқан болатын. Сондай-ақ украиналық әскерилердің киіміндегі белгі де суретте көрсетілген.
Перридің пікірінше ұшақ апатына қатысты барлық нұсқалар жіті тексерілуі тиіс, Ресей билігі мен жасақшыларр шындықты айтты ма, осыған көз жеткізу керек.
"Бұл өте салмақты, терең тексерісті қажет етеді. Обаманың әкімшілігі мен басқа да алдыңғы қатарлы БАҚ осы оқиғаның кезекті ақпараттық соғыс екенін көрсетті. Ақпараттық соғыстағы мақсат – қарсыласын әлемге жаман етіп көрсету. Дәл осылай АҚШ топтық ойлау нәтижесінен кейін Иракқа басып кірген болатын", дейді журналист.
"Malaysia Airlines" компаниясының Boeing-777 әуе лайнері 17 шілдеде Астана уақыты бойынша 21.00-де Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытталған жолда Украина территориясында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 298 жолаушы болған. Олардың 154-і нидерландылықтар, 27-сі австралиялықтар, 45-і малайзиялықтар (экипаж мүшелерін қосқанда), 12-сі индонезиялықтар, 9-ы британдықтар, төртеуі германиялықтар, төртеуі бельгиялықтар, үшеуі филлипиндік, біреуі канадалық.
Киев және Батыс елдері ұшақ апатына Донецк Халық Республикасын, және Ресейді кінәлап отыр. ДХР өздерінде 10 мың метр биіктегі лайнерді атып түсіретін қарулары жоқ екенін алға тартты. Ресей қорғаныс министрлігіндегілер Boeing-777 атып түсірліген сәтте сол маңда Украинаның Су-25 әскери ұшағының болғанын айтады. Сондай-ақ апат орнында Украина әскеріне тиесілі "Бук" зенитті-зымыранды кешенінің бөлшектері табылған.
Дереккөз: tengrinews.kz