Атырау, 25 қараша 17:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рудныйда Виктория Ганяны өлтірген деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды

2 111 просмотра
Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАСТАНА. ҚазАқпарат - Рудный қаласында 7 жасар Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды, деп хабарланаған Қостанай облыстық сотының ресми сайтында.

«Рудный қалалық соты 2014 жылғы 20 шілдеде 2006 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған В.В.Ганяны өлтірді деген күдікпен 1995 жылы туылған азамат П-ға қатысты ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «в,д,к,о» тармақтары бойынша тұтқындау түрінде бұлтартпау шараларын қабылдады», - делінген хабарламада.Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Виктория Ганя биылғы жылғы 24 сәуірде Рудный қаласында жоғалып кеткен. Куәгерлер оны белгісіз бір ер адамның алып кеткенін хабарлаған. Мұны бейнекамера да түсіріп алған. 23 мамырда қыз баланың денесі қала маңынан табылды.

Қызды өлтірген күдікті тұлға жайлы егжей-тегжейлі «Наша газета» өңірлік порталы хабарлайды. «Соңғы уақытта ол тұрғылықты мекенджйы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрған. Балалық шағы балалар үйінде, интернатта өткен. Заречный кентінде тұратын шешесі ата-ана құқығынан айырылған», - деп атап өтілген газет материалында.

Портал ақпаратына сүйенсек, күдіктіні табу ұзаққа созылды, себебі полицейлер жасы 30-дар шамасындағы ер адамды іздеген. Ұсталған азамат өз жасынан әлдеқайда ересек адамға ұқсайды. Оның қаланы жақсы білетіні белгілі болды. Полицейлер бейімдеу оталығына келгенде, күдікті оларды көріп, қашып кетуге тырысқан. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, бұл оның қылмысқа қатысының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: inform.kz

 

24 шілде 2014, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.