Фотосурет: kmg.kz«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сайтынан қайырмасы ұлттық компанияның әнұранына ұқсайтын әнді тыңдауға болады.
«ҚМГ» баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Рэм НИГМАТУЛЛИН әннің шығу тарихымен қуана бөлісті. Кейін білгеніміздей, ол КВН үшін жазылған екен.
– Бұл 2003 жылы болатын. ҚМГ еншілес компаниялары мен бас кеңсе арасында КВН ойыны өтті. Номинациялардың бірінде «ҚМГ туралы үздік ән номинациясы болды. Сол кезде астанада авторлық әндер фестивалі өтіп жатқан болатын. Оған танымал мәскеулік бард Андрей КОЗЛОВСКИЙ келді. Ол «Авторлық әндер қоры» ҚҚ жетекшісі Мақсат СӘРСЕНБЕКОВТІҢ үйінде қонақ болған еді. Мен бұл ортамен араласатын болғандықтан, жігіттерден «ҚМГ» КВН командалары үшін ән ойлап шығаруды өтіндім. Мақсат сөзін, ал Андрей рок-н-рольдік сарынмен әнін шығарды. Сөйтіп, біз жеңіп шықтық, - деп әңгімеледі Р.Нигматуллин. – Біз әріптесім Шахан ҚАЗАҒҰЛОВ екеуміз ҚМГ-ге оралған кезде, осы әнді есімізге алдық, аудиожазбаны тауып алып, оны сайтқа іліп қоюды ұйғардық. Қазір қазақ тіліндегі нұсқасы бар, аудармасын Ғабдолғазиз ИСЕМБАЕВ жасады, орындаушылар - «Астана Опера» театрының қызметкерлері. Орыс тіліндегі нұсқасын Козловскийдің өзі орындайды. Бәлкім, бұл кемеліне келген ән емес шығар, бірақ біз ол авторлық ән болғандықтан (авторы танымал бард) сақтап жүрміз. Роликті ҚМГ қызметкеріҚайрат ӘМІРЖАНОВ монтаждады. Бұл әнұран емес, біз мұндай мақсат қойған жоқпыз, кейде компанияның шаралары өткен кезде қосып қоямыз.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА