19 шілдеде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Балықшылар күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
Мерекелік жиында, атап айтсақ, «Інжу-Маржан» балық аулау кооперативінің төрағасы Гүлфара ИСМАҒҰЛОВА өз әріптестерін құттықтады. Оның айтуынша, кооператив балықшылары Атырау бекіре өсіру зауытымен жасалған шарт міндеттемелерін толығымен орындаған. Олар зауытқа ұрықтануға қабілетті 104 бекіре тұқымдас балық тапсырған. Сәтпаев даңғылы бойында «Інжу-Маржан» дүкені ашылды, ол жерде балық өнімдерінің 34 түрі сатылады.
Балық саласының бірқатар қызметкерлері облыс және қала әкімдерінің, қала мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке көркем өнерпаздар концертімен жалғасын тапты. Мәдениет үйі фойесінде «Амангелді» ӨК пен «Тілекші» ЖШС дайындаған өнімдер дәмге тартылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ