Барлау қызметкерлерінің пайымдауынша, малайзиялық Boeing-ті "Бук" зенитті зымыранды кешенінің зымыраны атып түсірген. Алайда барлаушылар зымыранның Ресейге тиесілі екенін нақты дәлелдейтін дерек жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытталған малайзиялық Boeing 777 ұшағы 17 шілде күні Украинаның оңтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында барлығы 298 азамат болған, олардың бәрі қаза тапты. 21 шілде күні РФ ВС басштабының жедел басқарма басшысы генерал-лейтенант Андрей Картаполов арнайы брифингте ұшақ құлаған сәтте сол нүктеде укариналық Су-25 ұшағы да болғанын айтты.
Алайда Украина билігі мұндай айыптауларға қарсы шықты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харфтың айтуынша, Ресейдің апатқа ұшыраған ұшақ туралы деректері Вашингтонның деректерімен сәйкес келмейді.
Дереккөз: tengrinews.kz