Арман АҚТАЙ. Фото: tour10.ru
Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 шілдеде қаржы полициясы Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат ОСПАНОВТЫ әлдебір «монополия субъектісіне» қамқорлық жасағаны үшін 300 мың доллар мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. Бүгін ол субъектінің «Атырау Жарық» АҚ екендігі белгілі болды.
Кейінірек Астана соты Оспановты қамауға алуға санкция берді. Оған дейін 30 маусымда Арман АҚТАЙ (суретте) ұсталды. Оны қамауға алу туралы осы соттың қаулысында бұл адамның «Атырау Жарық» мүддесіне өкілдік еткені көрсетілген. Оған ТМРА-ның лауазымды тұлғаларына аса ірі мөлшерде пара берді деген айып тағылды. Қаржы полициясының жорамалы бойынша, Ақтай осы ведомоствоның шенеуніктеріне «электр энергиясына тарифтерді бекіту кезінде жалпы қамқорлық көрсеткені үшін» 100 мың және 200 мың доллар берген.
Ғаламторда Арман Ақтай туралы ақпарат жеткілікті: әртүрлі жылдарда ол «ҚМГ-Энергоның» топ-менеджері болды, «Алатау Жарық Компаниясы» директорлар кеңесінің құрамына кірді, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы қызмметін атқарды, ресейлік «Альфа-банк» директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды. Айтпақшы, бірінші сот инстанциясы оны қамауға алудан бас тартқан еді, тек Бас прокуратураның шұғыл наразылығынан кейін астаналық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы оны қамауға алу туралы қаулы қабылдады.
Арман АҚТАЙ (сол жақта). Нұртау гольф клаб және Жайлау гольф клаб мүшелерінің парақтарынан алынған суретБіздің жергілікті электр компаниясының басшылығы жанжалды іске қандай да болмасын қатыстылығын теріске шығарып отыр.
- Егер мен бұл туралы ештеңе білмесем, бұған қандай комментарий бермекпін! – деді телефон арқылы «Атырау Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ. – Біз де басқалар секілді бұл туралы интернеттен оқыдық.
- Сіздің компания ТМРА-дан электр энергиясының тарифтерін көтеру мүмкіндігін сатып алған делініп отыр.
- Біз ешкімге ештеңе берген жоқпыз, бұл туралы еш нәрсе белгісіз.
- Сізге Арман Ақтай есімді адам таныс па?
- Бұл есімді білмеймін, таныстарымның арасында ондай адам жоқ.
- Сіз қазір кімнің атынан айтып отырсыз?
- «Атырау Жарық» АҚ президенті ретінде.
Бұрынғы мемлекеттік компанияны, сонау 90-жылдары алматылық бизнесмендердің өте сәтті жекешелендіріп алғаны белгілі. Қазіргі қожайындары туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ біздің мәліметтеріміз бойынша, екі-үш ортақ қожайындарының бірінің фамилиясы әжептәуір танымал. Бірақ бұл, шамасы, жанжалды басып тастауға көмектеспеген секілді, оның үстіне, қазір демалыстар кезеңі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
22 шілде 2014, 20:47