21-26 шілде аралығында Атырауда Art Week Atyrau заманауи өнер фестивалі өтеді.
- Фестиваль әр ниет білдірген адамға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, - дейді жобаның еріктілері Ардақ БАЙДӘУЛЕТОВА мен Айназ МОЛДАҒАЛИЕВА. Жастар өз шеберліктерімен бөліскісі келетін жергілікті суретшілер, фотографтар, стилистер, handmade шеберлерін және басқа да өнерпаздарды бір жерге жинады. Жазира ОМАРОВА үйренгісі келетіндерге табиғи тастардан әшекей жасауды көрсетсе, сегіз жыл бармен болып жасаған Руслан ШУРТАБАЕВ дәмді және пайдалы коктейль жасау жолдарын үйретеді. Ал Ержан НҰРПЕЙІСОВ суретке түсіру өнері туралы әңгімелеп, кондитер Бақыт СҮЙЕСІНОВ түрлі тәттілер дайындаудың қыр-сырларымен бөліседі. Үй жануары мен иесі арасындағы қарым-қатынасты қалай дұрыс жолға қою туралы дәріс беру үшін нұсқаушы - аң үйретушілер мен кинологтар да шақыртылды. Сондай-ақ тәжірибелі визажист, вокал, би және йога шеберлері, тату салушы, стилист, диджей және тағы басқа өнерпаздар шеберлік дәрістерін өткізуге дайын.
Фестиваль бағдарламасы туралы біліп, шеберлік сыныптарына қатысу талаптарын әлеуметтік желілердегі Art Week Atyrau-2014 бетшесінен білуге болады. Барлық жиналған қаржылар атыраулық аутизм, БЦС және психикалық дамуы тежелген балаларды емдеу мен оңалтуға беріледі.
Анастасия ПАСТУХОВА