19 шілде күні сағат шамамен 20.00-де Махамбет ауданының Алға ауылындағы жағажайда Жайық өзеніне 13 жасар қыз суға кетті.
Анасы да жағажайда болған екен, бір сәтке ғана баладан көзін таса қылғаны сол екен, қыз бала су астына батып кетіпті. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен түнімен іздеген, ал судан құтқару қызметіне тек жексенбі күні таңертең хабар берілген. Сүңгуірлер қыздың денесін әлі тапқан жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ