AZATTYQ. ORG «”Рахатгейт” ісімен сотталғандардың тағдыры белгісіз» - Нұрсұлтан Назарбаевтың оппоненті Рахат Әлиев Австрияда қамауда отырғанда, оның бұрынғы серіктерінің бірі мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бірақ Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сотталған 40 шақты жан туралы мәліметтер жұртшылыққа жетпей отыр.
«Сириядағы “жиһадшы қазақтар” туралы тағы бір видео тарады» - Интернетте өздерін «Сирияда соғысып жүрген жиһадшылармыз» деп таныстырған қазақтар туралы видео жарияланды. Видеода олардың кейбірі «шахид» болғаны жазылып, суреттері берілген.
«Ресей телеарналары ұшақ апатына Киевті айыптады» - Ресейліктердің көбі әлем жаңалықтарын мемлекеттік телеарналардан біледі. Шілденің 17-сі күні Украинаның шығысында құлаған Малайзияның жолаушылар ұшағы туралы оларға не айтылды?
«Ұшақ апатын анықтау әдістері» - «Aviation Safety» журналының редакторы Джозеф Бернсайд Азаттыққа сұхбатында малайзиялық ұшақ құлаған жерден сарапшылар қандай айғақтар іздейтіні жайлы айтты.
ABAI.KZ. «Ресей-Украина қақтығысына енді әлем араласады» - Украинаның Донецк облысында Малайзияның жолаушылар ұшағы зымыран соққысынан апатқа ұшырады. Әуе кемесіндегі 300-ге жуық адам түгел қаза тапты. Украина билігі мұндай жауыздықты Донецк облысын оқшаулаған сеператистер жасады деп айтыптап отыр.
MAIDAN.KZ «Жақсылық Үшкемпіров: “Мен анам дүкенде сабын сатып тұрғанда туыппын…”» Атақты балуан, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жеке өмірі туралы не білеміз?
ULT. «”Самұрық-Қазына” қаржысы қазақтарды екіге бөлді» - Ыстамбұлдағы қазақ мәдени орталығы Қазақ Түркілері Уакфы (Түркия қазақтары қоры) биыл жыл басында 29-31 шілде күндері кіші құрылтай өткізуді жоспарлаған болатын.
QAMSHY.KZ «Ұшақ апаты туралы АҚШ пен Еуропа баспасөзі не деп жатыр?» - Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған малайзиялық жолаушылар ұшағының Украина шығысында атып түсірілгені әлем ақпарат құралдарын шулатып жатыр.