АҚШ тарапы Украина аумағында малайзиялық әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты өз сарапшыларын жіберуге ниетті, деп жазады, Тengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффри Пайетт өзінің Твиттердегі парақшасында жариялаған.
"NTSB халықаралық тексеру кеңесін қолдау мақсатында ФБР кем дегенде бір адамын Украинаға жіберуге дайын", - деп жазады АҚШ елшісі.
Malaysia Airlines әуе компаниясы 20 шілдеде өтініш жасап, Амстердам-Куала-Лумпур рейсінің нөмірін Украина шығысында болған апатқа байланысты өзгертетіндігі жайлы айтып отыр. "Malaysia Airlines компаниясының Амстердам - Куала-Лумпур бағытындағы MH17 рейс қаза болған экипаж бен жолуашылардың құрметіне байланысты біржола өшіріледі. Аталған шешім 2014 жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді", - деп мәлімдеді компания тарапы. Енді аталған рейстің нөмірі MH19 - AMS/KUL деп аталады. Бұдан басқа әзірше ешқандай өзгеріс болмайды және екі қала арасында әуе байланысы одан әрі жалғаса бермекші.
Естеріңізге сала кетейік, 17 маусым күні кешкілі Амстердам-Куала-Лумпур бағытында ұшып бара жатқан MH17 рейсі Украинаның Донецк облысы аумағында, Ресей шекарасы 60 шақырым қашықтықта апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде ұшақ бортындағы 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшелері толығымен марқұм болды.
Дереккөз: tengrinews.kz