Атырау, 27 қараша 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атып түсірілген Боинг-777 ұшағында Қашағанда жұмыс істеген малайзиялық отбасымен болды

1 682 просмотра

© РИА Новости. Михаил Воскресенский© РИА Новости. Михаил Воскресенский

Украина әуесінде апат болған ұшақта малайзиялық отбасы төрт баласымен Атыраудан Амстердамға және әрі қарай Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан. Отағасы таяу уақытқа дейін Солтүстік Каспий жобасында NCOC қызметкері болған.

Малайзиялық интернет-сайттардың бірінде 49 жастағы отағасы Тамби ДЖИИДІҢ әйелі Ариза ГАЗАЛИМЕН және 19, 17, 15 және 13 жастағы балаларымен бірге ұшқандығы хабарланған. Ол үшжылдық келісімшарттың аяқталуына байланысты Қазақстаннан үйіне оралмақ болған. Оны Куала-Лумпурдағы «Шелл» компаниясының кеңсесіне жұмысқа ауыстырыпты. Бірақ жаңа орнына жұмысқа кіріспес бұрын, Джии Рамазанның аяқталуын үйінде, Кучинге қаласында тойламақ болған. Бұл туралы қайғыдан қан жұтқан оның жұбайының 72 жастағы анасы айтып беріпті. Әйел әңгімелегендей, олармен Амстердамнан ұшар алдында ғана сөйлескен екен, бұл жай әңгіме болыпты. Осы сайтта – Ариза әлеуметтік желілерге Амстердам әуежайында тіркелуге дейінгі жүктерінің фотосуретін жариялаған. Суретке: «17 шілдеде біз көшуді бастаймыз» деп жазылыпты...

NCOC консорциумы осы жағдайға байланысты баспасөз хабарламасын шығарды: «Консорциум MH17 Малайзия әуе желісінің бортында Shell компаниясы іссапармен жіберген NCPOC-тың бұрынғы қызметкері Тамби Бин Джии мырзаның, оның жұбайы мен төрт баласының қайғылы қазаға ұшырағандығы туралы хабарға қатты қапаланады. Тамби, оның жұбайы Ариза Газали мен балалары Мохд Афиф, Мохд Афзал, Марша Азмина мен Мохд Афруз Малайзияға Қазақстандағы келісімшарты аяқталғанан кейін оралды. Консорциум марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 шілде 2014, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.