Атырау, 27 қараша 10:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қаржы полициясы газдың қамын ойлады

1 971 просмотра

Қаржы полициясы департаментінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыстардың қорытындысы жасалды.

105экономикалық және 84 сыбайлас жемқорлық қылмыс, кәсіпкерлік нысанының қызметіне заңсыз араласудың төрт фактісі анықталды. Сотқа 140 қылмыстық іс жолданды.

Біз АМӨЗ-ге және шағын МӨЗ-ге теміржол арқылы жеткізілімдер көлеміне талдау жасадық. Нәтижесінде жалған құжаттар бойынша мұнайды өңдеуге тапсырған төрт ЖШС-не қатысты ҚР ҚК-нің 183-1-бабы («Мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу»)бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды, - деді ЭСҚКД бастығының орынбасары Қуаныш ІЗЖАНОВ. – Мұнай негізінен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының кеніштерінен түскен. Мұнда АМӨЗ-дің кінәсі жоқ, зауыттықтар беруші ұсынатын шикізаттың құжаттарын тексеруге өкілетті емес. Менің пікірімше, бұл заңды кеніштерде өндіріліп, есепке алынбай қалған мұнайлар.

Заңсыз ойын бизнесі саласында екі факті анықталды – онлайн-казино ашу және лотерея түрінде құмар ойындарын ұйымдастыру. Қылмыстық істер сотқа жолданды. Ізжанов ҚР ҚК-нің 269-1 бабындағы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») таяуда енгізілген өзгерістерге сәйкес, ойын бизнесі үшін орынжайды жалға беруші ұйымдастырушымен тең дәрежеде қылмыстық жауапкершілікте болады.

Шағын және орта бизнес қызметіне араласусыз бес шаруашылық нысанына талдау жүргізілді. Нәтижесінде салық декларациясындағы мәліметтерде айырмашылықтар анықталды, жергілікті бюджетке 1,4 млрд теңге үстеме төленді.

Біз қазір сұйытылған газдың заңсыз айналымы фактісі бойынша тергеу жүргізудеміз. Қиындығы сол, бірде-бір заңда сұйытылған газдың мұнай өнімі болып табылатындығы айтылмаған. Егер біз мұны дәлелдесек, онда шекарадан асырылып жатқан сұйытылған газдың бүкіл ағымына бақылау жасауға болар еді. Мәселе мынада, ішкі нарықта сұйытылған газдың бір тоннасының бағасы 230 доллар, ал экспорттағы бағасы одан екі есе жарымға жоғары. Біздің облысымыз негізінен табиғи газ тұтынады, сондықтан бұл проблема Ақтөбе мен Ақтаудағыдай жанға батпайды. Ал ол жерлерде бүкіл сұйытылған газды түк қоймай  тасып әкеткен. Дегенмен, бізде де бұл проблема бар, біз оны шешетін боламыз, - деп мәлімдеді Қ.Ізжанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 шілде 2014, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.