Атырау, 24 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Израиль әскері бейбіт халыққа да оқ атып жатыр

1 642 рет қаралды
Газа секторын әуеден атқылап жатқан Израиль әскері кеше аталған өңірге шабуылды жерден жасады. Салдарынан әзірге екі бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлайды Би-би-си. Оның бірі бес айлық сәби. 

Жергілікті аурухана дәрігерінің айтуынша, қаза тапқандар қарулы шабуылдың құрбандары.
Бұған дейін Израиль тарапы 5 сағаттық үзілістен кейін Газаға шабуылды қайта үдететінін ресми түрде мәлімдеген болатын.
Елдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда қарулы шабуыл әуеден де, жерден де, судан да жүргізіліп жатыр.
Басты мақсат - палестиналық лаңкестердің қару тасымалдайтын жерасты жолдарын түбегейлі жою дейді олар.

Дереккөз: Baq.kz

18 шілде 2014, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.