Атырау, 5 желтоқсан 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Порошенко Украинадағы ұшақ апатын теракт деп көрсетті

1 884 рет қаралды

Украина Президенті Петр Порошенко Донецк облысында «Малайзия әуе желілері» компаниясының апатқа ұшырауын терреристік акт деп көрсетті. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Святослав Цеголко мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz АА-ның Киевтегі меншікті тілшісі.

Цеголко өзінің Twitter-парақшасында Порошенко мұны оқиға не апат емес, террористік акті деп көрсетті, деп жазған.

Украина Президені Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесіп, ұшақтың құлауына қатысты жағдайды баяндаған.

Порошенко қаза болғандардың отбасы мен туғандарына қайғыра көңіл айтып, кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сонымен қатар ол апаттың мән-жайын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырып, Нидерланды мен IKAO комиссиясы өкілдерін оның жұмысына қатысуға шақырды.

Дереккөз: bnews.kz

18 шілде 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.