AZATTYQ. ORG «”Жемқорлықпен күресетін” тағы бір жоба шықты» - Биліктегі «Нұр Отан» партиясы жемқорлықпен күресудің кезекті бағдарламасы жобасын ұсынды. Кей саясаткерлер оның іске асарына күман келтіреді.
«Ресей әлем чемпионатына қалай дайындалады?» - Футболдан әлем біріншілігі аяқталысымен жұрт назары 2018 жылы келесі чемпионат өтетін Ресейге ауды. «Ресей бұған қанша ақша жұмсайды?» деген сауалды қазірден қойып жатыр.
«Адвокаттары Азамат Тәжаяқовтың аңғалдығын айтады» - Бостондағы терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студенттің ісі бойынша тараптар жарыссөздері басталған күні сотқа жарылыста жараланғандардың туыстары да қатысты.
«”Экстремизммен күрес” Алматы шекарасын кеңейтті» - Алматының жаңа құрылған Наурызбай ауданының тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылым жақсарар деп үміттенеді.
ALASHAINASY.KZ «Бекітілмеген 850 шақырым шекара бас ауруға айналып жүрмей ме?» - «Өзіңе сақ бол, көршіңді ұры тұтпа» деген атам қазақ қашан да жан-жағыңды қымтап отыр, егер ашақ-шашық жатсаң кім болса сол кіріп, басынып, басыңа шығуы мүмкін екенін айтқан.
AIKYN.KZ «Жүсіпбектің зираты қашан табылды?» - «...Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елітіп отырады. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр.
«Таңғажайып камбоджа» - Оңтүстік-Шығыс Азия – сөзбен айтып жеткізе алмайтын таңғажайып аймақ. Ғаламшарымызда әсем табиғатымен, тарихи ескерткіштерімен, қонақжай халқымен туристерді өзіне тартып тұратын Үндіқытай елдерінің бірі – Камбоджа Корольдігі.
TURKYSTAN.KZ «Мен – саяси ойындардың құрбанымын» - Күні кеше ғана «Скат» әуе компаниясының қызметкерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етем деп жүріп, үш күнге абақтыға қамалған, оның соңы Гитлерге қатысты дауға ұласқан әріптесіміз әрі ұлтты сүйген азаматтарымыздың бірі, Қазақстандағы ең танымал және өзін өзі қаржыландырып отырған үш бірдей басылым – «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ», «Жұлдыз-жорамалдың» қожайыны әрі бас редакторы Жарылқап Қалыбай билікке «датын» айтты.
ABAI.KZ. «ЕАОЭ- Ресей империясының мұрагері ме?» - Ресейлік саясаттанушы, медиа-менеджер, публицист Виталий Третьяков Украинадағы қазіргі саяси ахуал, Еуроодақтың бүгіні мен ертеңі, Еуразиялық экономикалық одақ туралы ойларын айтып, пікір білдіріпті.
NUR.KZ «Әмір Исмағұлов: Америкалық БАҚ біздің жігіттерді басынан-ақ 25 жылға соттаған сияқты» - Американың Бостон (Массачусетс штаты) қаласында қазақстандық студент Азамат Тажаяқовтың ісі бойынша сот отырысында екі жақтың пікірсайысы аяқталды.