Жігерлі Батихан
«Мұнайшы» спорт кешенінде дойбыдан қала біріншілігі өтті.
Жарысқа 32 спортшы қатысты. Жеңімпаздар мыналар: абсолюттік есепте - Болат Көшенов, ерлер арасында - Аманқос Әбдешев, әйелдер арасында – Нәзира Аманова, қыздар арасында - Анель Сакимова, жасөспірімдер арасында - Болат Жұлдызов. Аса қиын, жеңіліп жатқан жағдайда ойын тізгінін қолға алып, жеңіске жеткен Батихан Асанов «Жеңіске деген жігері үшін» дипломымен марапатталды.
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
***
Күш атасын танымас
«Атырау» ДСК-нде армрестлинг пен кір тасын көтеруден абсолюттік салмақ дәрежесінде жарыс болып өтті.
Турнирге 18 атлет қатысты. Армрестлингте Александар Маскин, кір тасын көтеру спортынан Самир Мамедов жеңімпаз атанды.
***
Орынбордан келген жүлделер
Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан ашық бүкілресейлік турнир өтті.
Бұл жарысқа қатысқан 1-БЖСМ-нің сегіз шәкіртінің жартысы жүлделерге ие болды: «алтын» - Ерасыл Әлжанұлы (60 келіге дейін), «күміс» -Ерасыл Жомартұлы (56 келіге дейін), «қола» - Асқар Еспосынов (42 келіге дейін), Ернар Қаһарман (56 келіге дейін) және Расул Тәукен (60 келіге дейін).
Бұл жарысқа дейін А.Еспосынов Байқоңырда өткен Қазақстан чемпионатында қола медаль алған еді.
***
Полицейлер доп қуды
«Мұнайшы» спорт кешенінде мини-футболдан «Динамо» спорт қоғамының біріншілігі өтті.
Жарысқа ІІД бөлімшелерінің 11 командасы қатысты. Қорытындысында «Күзет» полиция күзеті қызметі командасы 1-орын, ІІД аппаратының командасы 2-орын, полиция оқу орталығы 3-орын алды. Турнирдің үздік ойыншылары: қақпашы – Жарас Бектеміров (Индер АІІБ), қорғаушы – Артур Манасов (Құрманғазы АІІБ), шабуылшы – Алтай Байсұлтанов (оқу орталығы).
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ