Кіші өнер Академиясының бір топ оқушысы 27маусым мен 5 шілде аралығында ИспанияныңЛьорет де Мар қаласында «Каталониядағы орыс үйі»ассоциациясы ұйымдастырған «Каталонияның алуантүстері» атты халықаралық байқауға және плэнергеқатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты.
- Аталған шараға дизайн және киім пішіп-тігу, модельдеу мен сурет, майлы бояу сыныптарында оқитын 10 оқушы мен олардың 3 жетекшісі қатысып қайтты. Олардың арасынан 10-сынып оқушысы Жанна ТЕМІРТАС жүлделі І орын алса, 9-сынып оқушысы Рысбай ТӨЛЕПБЕРГЕН жүлделі ІІ орынды иемденді,- дейді Кіші өнер академиясының директоры Долорес ТАСҚАРИНА.
Оқушылар байқауға барардың алдында арнайы тапсырма бойынша салған суреттерін алып келді.
Жеңіске жеткен Жанна мен Рысбайдың суреттерін Қазақстанның жас суретшілерінің өнерін Испанияда насихаттау мақсатымен Каталониядағы орыс үйі ассоциациясының музейіне қойған.
Енді Жаннаның аралас техникамен салған «Жапондық мотив» жұмысы мен Рысбайдың гуашьпен салған «Отбасы», «Дала әуені» атты екі суреті Орыс үйі өткізіп тұратын жылжымалы көрмелерге ілінбек. Балаларға арнайы сертификаттар да тапсырылған.
Рысбай «Отбасы» картинасында әке мен ананың сәбилерін бесікке бөлегелі жатқан сәтін суреттепті. Рысбай болашақта дизайнер болуды армандайды. 9-сыныпты бітірген соң Астанадағы өнер колледжіне оқуға түсуді алдына мақсат етіп қойып отыр.
Айтпақшы:
Кіші өнер Академиясы биылғы жылдың наурызында қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының «Юнеско клубы» сертификатына ие болды. Федерация президенті Болат АҚШОЛАҚОВ арнайы табыстаған сертификат бойынша академияның мұғалімдері мен дарынды оқушыларына «ЮНЕСКО клубының мүшесі» куәліктерін табыстау жоспарланып отыр.
Бағдарламаға сай оқушылар Жерорта теңізіне түсіп, Еуропаның әсем қалаларын тамашалады. Барселона, Ницца, Канны, Монако княздығындағы Монте-Карло, Сан-Ремо... Әлемге танымал мұражайлар мен ғимараттар, кино жұлдыздары жүріп өтетін Канныдағы жағажай, нағыз рыцарьлар турнирі мен испандық фламенко биі... Әр елдің мәдениетімен, өнерімен танысты.
- Испанияда әлемге әйгілі суретші Сальвадор Далидың Фигерастағы музейіне барған-быз, - деп еске алады Рысбай. - Оның суреттерін, мүсіндерін, қолданған бұйымдары мен сурет салған құралдарын, сонымен қатар, ішкен шарабы мен мінген «Кадиллагын» да көріп, таң қалдық. Оның жұмыстары ерекше. Маған оның «Теңізге қараған Гала» иллюзиялық жұмысы қатты ұнады. Жақыннан қарасаң, теңізге қарап, бізге арқасын берген әйелді анық көресің, ал, суреттен алыстаған сайын көз алдыңа Авраам Линкольнның бейнесі келеді. Дали бұл жұмысында сандық әдісті алғаш қолданыпты.
Каталонияда жас суретшілер каталондық суретші Хавьер МАЛЛОЛДЫҢ шеберлік сабақтарына қатысты.
- Суретші өз сабағын ашық аспан астында, теңіз жағасында өткізді, - дейді Д.Тасқарина. - Оқушыларға өздері көрген суретті салуды тапсырды. Хавьер біздің оқушылардың шеберліктерін жоғары бағалап, шеберлік сабақтарына қатыс-ты деген сертификат табыстады. Балалардың бұл жетісті-гі халықаралық байқауға дайындаған ұстаздары Лаура ТІЛЕКБАЙДЫҢ да еңбегі екенін айта кеткен жөн. Ұйымдастырушылар, сондай-ақ, жерлестерімізге Еуропада қазақ өнерінің Күндерін өткізуді ұсынды.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА