Атырау, 24 қараша 15:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Меркель мен Обама тыңшылыққа қатысты жанжалды талқылады

2 304 просмотра

АҚШ Президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель тыңшылық жанжал басталғаннан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, 2 шілде күні Германия сыртқы барлау қызметінің қызметкері АҚШ пайдасына тыңшылық жасағаны үшін тұтқынға алынғаны белгілі болған еді. Осыдан кейін Ангела Меркель бұл оқиғаның екі ел арасындағы сенімге сызат түсіргенін жариялаған-ды.

Ал сәрсенбіге қараған түнде неміс канцлерімен тілдескен Барак Обама АҚШ Германиямен құпия қызметтер, оның ішінде барлау деңгейіндегі ынтымақтастықты жақсартуға ұмтылады деп сендіріп бақты.

"Президент пен канцлер АҚШ пен Германияның барлау саласындағы ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты және екі елдің көшбасшылары болашақта ынтымақтастықты жақсарту үшін тұрақты байланысты болады", - делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Дереккөз: inform.kz

16 шілде 2014, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.