Атырау, 24 қараша 15:59
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай даулы аумақтан мұнай мен газ кенін тапты

1 628 просмотра
Қытайлық мұнайшылар мұнай өндіруші платформаның көмегімен Парасел аралдарының даулы аумағы маңынан мұнай мен газ кені бар екенін анықтады. Бұл туралы Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенген РИА Новости хабарлады.

"Қытайдағы басты мұнай өндіруші Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC) жиналған мәліметтерді бағалап, одан әргі қадамдарын анықтайды", - делінген компания хабарламасында.

Ал Вьетнам үкіметі бағасы миллиард доллар болатын Қытайдың терең судан мұнай өндіруші платформасының ұзындығы 320 шақырымды құрайтын Вьетнамның экономикалық маңызды жағалық зонасында тұрғанын мәлімдеді. Ал өз кезегінде Пекин платформаның өз аумағында тұрғанын айтады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан Спратли және Парасель аралдарының архипелагына бес ел - Қытай, Вьетнам, Малайзия, Филиппин және Бруней таласып отыр. Бұған дейін Қытай тарапы кез келген елдің не компанияның бұл аймақта рұқсатсыз экономикалық қызмет жасауы заңсыз деп бірнеше рет ескерткен болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

16 шілде 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.