Сейсенбі күні кешке Мысырдың оңтүстігіндегі Сафага-Кена тас жолында орын алған ірі жол-көлік оқиғасынан 16 адам қаза тауып, 30 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды сәрсенбіде Франс Пресс агенттігі.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эсна қаласындағы христиандық шіркеуге тиесілі жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалған. Апаттың негізгі себептері жайлы әзірге хабарланбады, алайда ол жүргізушілердің бірінің көлік жылдамдығын арттырғанынан болуы мүмкін, деген болжам бар.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.