Атырау, 27 қараша 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауға үкіметтен тас жол мен жаңа асфальт тарту етілді

2 745 просмотра

Әуежайға баратын жолды және оның алдындағы алаңды қалпына келтіруге үкімет резерві қаржысынан 1 млрд 280 млн теңге бөлінді.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ хабарлады. Жобаға тапсырыс беруші – қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Бас мердігер - «Атырауинжстрой» ЖШС. 4,25 шақырымдық жолдың ені 9-дан 16 метрге дейін кеңейтіліп, толыққанды төрт жолақты тас жолға айналды. 8800 қума метрден астам жолжиек орнатылды. Аэровокзал алдындағы 15 680 шаршы метр алаңды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджет есебінен Нұрсая – Лесхоз жолының қиылысында бағдаршам пайда болды. Тағы 54 жол белгісі, ал жаяу жүргіншілер өткелінің аймағынан – жаяу жүргінші датчик аймағын басқан кезде автоматты түрде жанатын импульсті жарық диодты белгілер орнатылмақ. Жүйе күн батареясымен жұмыс істейді.

- Тасжолды қалпына келтіру барысында метрлік бөлгіш жолақ арқылы өтуді болдырмас үшін қос тұтас сызықты белгі жасалған. Осы жолақтардың ортасында 6 метр жиілікте қараңғы уақытта жол жүру қауіпсіз болу үшін «мысық көзі» құрылғысы орнатылды, - деп атап өтті Ж.Қарағаев.

Қазақстандық-ресейлік экономикалық форумға дайындық шеңберінде негізгі орталық көшелерге: Азаттық («Ақ Жайық» қонақ үйінен Әуезов көшесімен қиылысатын айналма жолға дейін), Сәтпаев, Махамбет, Пушкин көшелеріне орташа жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен 2 млрд 880 млн теңге бөлінді. Барлығы жалпы алаңы 300 мың шаршы метр болатын жол төсемін жаңарту жоспарлануда. «Атырау» мәдени орталығының (облыстық әкімдіктің жалғамасы) алдында кеспе тастар ауыстырылуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 шілде 2014, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.