Атырау, 19 желтоқсан 11:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Әлихан туралы деректер әлі де “аса құпия”». «Долларсыздану көшінен қалған жоқпыз ба?». «Кәрім Мәсімовтің 100 күні». «Сирия мен Ирактағы соғысқа Орталық Азиядан баратындар». «Ресей украиналықтарды соттауға кірісті».

1 951 просмотра

ALASHAINASY.KZ   «Амангелді Сейітханов, спорт шолушысы: Біздің спортшылар қазақша сөйлей алмайды» - «Енді өзімді соншалықты кереметпін деп ойламаймын. Қолымнан келгенінше жұмыс істеп жүрмін. Жоғары дәрежеге көтерілсем маған оң қабақ танытқан ағаларымның арқасы шығар».

«Молданың арақ сатқаны айып па?» - Мен өзім атеистік қоғамда тәрбиеленіп өссем де, неге екенін қайдам, бойымда молдалыққа деген ықылас болды.

AIKYN.KZ   «Әлихан туралы деректер әлі де “аса құпия”» - Жақында ғана қазақтың бұқаралық ақпарат құралдары Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханның жаңа суреті табылғандығы жайлы ақпарат таратты.

«Долларсыздану көшінен қалған жоқпыз ба?» - Таяуда әлемнің сауатты жұртшылығы үш елең етерлік жаңалықтың куәсі болды. Оның алғашқысы – БРИКС тобындағылардың халықаралық банк секілді өзінің жеке қаржы институтын ашатындығы жайлы хабар.

«Сақтандырылудан бұрын... сақтанған жөн» - Қазақстанда сақтандыру компанияларын шұғыл құтқару керек, әйтпесе, алдағы жылдары олар бірінен соң, бірі банкротқа ұшырай бастауы мүмкін.

TURKYSTAN.KZ    «Кәрім Мәсімовтің 100 күні» - Осы аптада Кәрім Мәсімовтің Премьер-министр креслосына отырғанына 100 күн толады.Сарапшылардың пайымдауынша, екінші премьерлік мерзім біріншісіне қарағанда біршама өзгерек. 

AZATTYQ. ORG      «Сирия мен Ирактағы соғысқа Орталық Азиядан баратындар» - Сирия мен Ирактағы исламшылдар соғысына Орталық Азиядан баратын азамат көп. Олардың дені соғыс аймағына Ресей және Түркия арқылы өтеді. Орталық Азия елдері бұған қатты алаңдайды.

«Ресей украиналықтарды соттауға кірісті» - Ресей соты украиналық ұшқышты соттамақ. Одан бөлек, Мәскеу Украина ішкі істер министрі мен облыс губернаторын тұтқындау керек дейді. Екі ел арасын осы жағдайлар одан бетер ашып барады.

«Ислам революциясының жендеті дүние салды» - Тегеран қара жамылды. Ислам революциясы көсемдерінің бірі, белгілі сот Аятолла Мохаммади Гилани өмірден озды. Бірақ оның қарсыластарын аяусыз жазалағаны ел есінде мәңгі қалатын сияқты.

ABAI.KZ.   «Құнанбайдың сенімді серігі» - Атағы алты алашқа аян әйгілі аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының жанында кез-келген істе ақыл-кеңес қылатын, арқа сүйеген сенімді серіктері болған. Солардың ішінен ойып орын алатын, туған баласындай болып кеткен Ізғұттының өзіндік орны ерекше.   

MAIDAN.KZ      «Қазақ елі ұйғырдың қолына өте ме?» - Қытайдағы ұйғыр сайттарында “Қазақстанның келесі Президенті ұйғыр бола ма?” деген тақырыпта мақала жариялап, қызу талқылап жатыр.

JASQAZAQ.KZ.   «Ажарсыз ән» - Жуырда ғана бас қалада «Астана жұлдызы» ұлттық музыкалық бәйгесі екінші рет өтті.

SKIFNEWS.KZ   «Ж.Нәжімеденов: “... Өлсем, тіпті, мықты болам-ау деймін”» - Заман өзгерді. Бүгінде біреуге біреу қанша жерден мұқтаж боп бара жатса да ақ қағазға маржандай төгілдіріп, хат жазып жатпайды.

SHYN.KZ    «Ресейдің шегінгені ме, әлде...» - Әлемдік саясат соңғы айлар мен апталарда тым құбылып барады. Бірде бітім, бірде қауіпті саяси жүрістер... Апта айналасында әлемдік саясатқа қарай ескен жайлы самал жел болса, ол Украина мен Ресейге қатысты.

14 шілде 2014, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.