Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АІІБ-дегі қамаулар марқұм болған басшысының ісімен байланысты

2 643 просмотра

Аққыстау поселкесіндегі жақын арада ғана болған қамауға алулар («Исатай АІІБ бастығының орынбасары мен оның екі бағыныштысы қамауға алынды») биылғы жылдың 21 сәуірінде осы АІІБ-нің бастығы, қазір марқұм болған Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИНГЕ қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты.

Бұл туралы «АЖ»-ға облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Жәнібек КӨБЕГЕНОВ хабарлады:

- Құбайдуллиннің өліміне байланысты оған қатысты пара туралы іс тоқтатылды, ал жақын арада ғана Исатай АІІБ бастығының орынбасары мен оның екі қызметкеріне қатысты қозғалған істер бойынша тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 21 сәуірінде Исатай аудандық АІІБ бастығы А.Құбайдуллин пара (250 мың теңге мен 3 келі қара уылдырық) алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сол күні оған қатысты ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы («Лауазымды тұлғаның пара алуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу барысында Құбайдуллин денсаулығының нашарлағанына шағымданып, Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды. Медициналық көмек алғаннан кейін ол ауруханадан қашып кетіп, белгісіз бағытта бой тасалады. Ал 27 сәуірде ол Гурьевский көшесінің бойындағы салынып жатқан нысандардың бірінде асулы тұрған жерінен табылды.

Мүрденің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 102-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу үшін арнайы прокуратураға жіберілді. Өз кезегінде облыстық прокуратура осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы («Көрiнеу заңсыз ұстау») бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады. Ж.Көбегеновтің айтуынша, қазір осы істер бойынша заттай айғақтарға сараптама жүргізілуде, тергеу ісі шілденің аяғына дейін аяқталады.

Қазіргі кезде Исатай АІІБ-іне осыған дейін Махамбет АІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған Әнуар ТӘЖБЕНТАЕВ басшылық етеді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

11 шілде 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.