Атырау, 30 қыркүйек 03:10
 дождьВ Атырау +14
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Исатай АІІБ бастығының орынбасары мен оның екі бағыныштысы қамауға алынды

3 469 рет қаралды

Атырау қалалық №2 соты Исатай ауданы АІІБ бастығының орынбасары подполковник Б.Б. мен оның екі бағыныштысы – С.А. мен К.Е.-ні қамауға алуға санкция берді.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢайтуынша, подполковник ҚР ҚК-нің 311-бабында («Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның пара алуы») және 290-бабында («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер») қарастырылған қылмысты жасады деп күдіктелуде. Оның екі бағыныштысына сол 290-бап, сондай-ақ, 308-бап («Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану») бойынша айып тағылуда.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 шілде 2014, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.