ALASHAINASY.KZ «Шекараны шегендеуді кейінге шегеруге болмайды!» - Отан мемлекеттік шекарадан басталады. Ал шекара ҚР Конституциясы бойынша сызықтармен бекітіліп, бағанмен белгіленеді. Украинаға қарағанда Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қарай ел шекарасының барлығын қымтап, бекітіп үлгерген, оған тәубе десеміз.
«Балағат сөз баланың жолын кеседі» - «Алаш айнасы» интернет-газетінің «Отбасы – ошақ қасы» атты айдарына жолдап отырмын бұл материалды. Бәлкім оқыған адамдарға ой салар, пікір қосар деген ниетпен айналамнан естіген, өз басымнан өткерген мына жайттарды баяндамақпын.
«Мешіттегі "рэкет" немесе "Тарт қолыңды табақтан!"» - Менің көрші әжейімнің лақап аты – «мешіт рэкеті». Жасы сексенді алқымдаса да, әжей «жұмыстан» қол үзбеген адам. Күнде түсте жасанып киініп, білезік-сақиналарын тағып, әжей «жұмысына» аттанады.
«Қазақстандағы саяси партиялар не тындырып жүр?» - Бүгінде әлемде саяси партиялардың қызметін қаржыландыру бірнеше жолмен іске асырылады.
«Қазақ төбеті неге алабай атанып жүр?» - Бүгінде қай қаланы алсақ та қос-қостан котедж үй салып, шетелдің көлігін мініп жүрген шіріген байлар жетіп артылады.
AIKYN.KZ «Дағдарыс өше ме, өрши ме?» - Қазір бай да, кедей де, мемлекеттер басшылары да, бұқара да алаңдаулы. Бәрінің ойлайтыны бір, ол – «дағдарыс өше ме, өрши ме?» дейтін сұрақтың жауабы. Біреулер АҚШ жақсарды, әлемдік экономика енді жанданады деп жатыр.
«Ең дұрыс тамақтанатын ел анықталды» - Британдық телеарна әр елдердегі адамдардың тамақтануы туралы бағдарламалар сериясын аяқтады.
AZATTYQ. ORG «Совет барлауының құпиясын ашқан құжаттар» - Совет Одағында КГБ-нің бас архившісі болған Василий Митрохин 10 жылдан астам уақыт мыңдаған құжатты жинап, сегіз жылдай қаттап-буып отырған. 1992 жылы ол Ұлыбританияға қашты.
«Қазақстанда алғашқы крематорий салынуы мүмкін» - Алматы қаласы әкімдігіне елдегі алғашқы крематорий жобасын ұсынды. Оның құны - шамамен үш миллион доллар. Жоба пікірталас, дін қызметкерлерінің күдігін тудырып отыр.
«”Шаңырақ ісімен” сотталғандар ұмытылып барады» - ”Шаңырақ ісі” бойынша сотталғандардың төртеуі әлі түрмеде отыр. Туыстары «халық оларды ұмытып кетті» деп налиды.
ABAI.KZ. «Коста-Рика ертегісі немесе Бразилия бақытсыздығы» - Кеше футбол жанкүйерлері үшін сенсациялы күн болды. Әлемнің 5 дүркін чемпионы Бразилия ең бақытсыз елге айналды.
MAIDAN.KZ «"Хабар" телеарнасы жабыла ма? ол да Еларнаның күйін кеше ме?» - "Хабар" теларнасы жұмысын тоқтатып, 24.kz телеарнасы қосылады дейді ұзынқұлақ. Бұл мәлімет тек қалың көпшіліктің арасындағы әңгіме ғана. Дегенмен шындыққа айналып, арнамыз жабылып жатса, тағы бір қазақтілді телеарнадан айрылдық деген сөз.
«Ресей Украинаны ыдыратқысы келеді» - Кейінгі уақытта Украинадағы жағдай төрткүл дүниені қоса қазақ халқын да алаңдатып отырғаны рас. Өйткені, Ресей Федерациясының өз әскерін жасырын Украина жеріне кіргізіп жатқандығы қынжылтады.
SERKE.ORG. «Міндетті медициналық сақтандыру қорының түбіне жеткен кім?» - АҚШ-қа қашып кеткен Қазақстанның Міндетті медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ) бұрынғы басшысы Талапкер Иманбаев 16 жыл бойы ішінде сақтап келген құпиясын жария етті.