Атырау, 19 желтоқсан 10:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан "Ислам халифатының" құрамында қайдан жүр?». «Еркін экономикалық аймақ бұзыла ма?».«Доллар ... алып боп тұр ол бір». «Лукашенко 20 жылдан соң ана тілінде сөйледі». «Ұрпағыңды қорға, Алданды қолда!».

2 353 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Қазақстан "Ислам халифатының" құрамында қайдан жүр?» - «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» деп аталатын сунниттік топ, енді масқара болғанда, Қазақстанның территориясына да көз салуда. Кеше ғаламторда пайда болған осы топтың құрған жаңа халифатының алдағы бес жылда құрамына енетін елдер ішінде Қазақстан да белгіленіп, көрсетіліпті.

AIKYN.KZ   «Ерте қартаю: ауру ма, әлде қарғыс па?» - Адамның ерте қартаюы... Бұл қандай құбылыс? Мысалы, дүние жүзінде мұндай 80 адам тіркелсе, Қазақстанда – біреу. Ол – атыраулық Нұржан Өркешбаев.

«Еркін экономикалық аймақ бұзыла ма?» - ТМД көлемінде еркін экономикалық аймақ жұмыс істегені белгілі. Оның басты тірегі және ұйытқысы Еуразиялық экономикалық одақты құрушы Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясы болатын.

«Доллар ... алып боп тұр ол бір» - Әлем бір полярлық жүйеден қалайда құтылудың жолын іздеуде. Бірақ қалай? Әлі де әлемге үстемдігін жүргізіп отырған АҚШ-қа қарсы наразылық танытып, жеке-жеке шоқпар алып жүгіру мүмкін емес. Ол елдің әскери қауқары мығым, қорғаныс бюджеті (600 млрд.$) зор.

«Депутаттар елде демалады» - Күні кеше қос шатырлы Парламенттің 3-сессиясының шымылдығы жабылып, депутаттар арқасын кеңге салды. Дегенмен, барлық қалаулылардан 6 шілдеге дейін, яғни «Астана күні» мерекесінде елордада қала тұру сұралды.

AZATTYQ. ORG     «Лукашенко 20 жылдан соң ана тілінде сөйледі» - Беларусь президенті Александр Лукашенко осыған дейін белорусша сөйлеуді бойына шақ көрмей келген. Осы аптада ол дүйім жұртты таңғалдырып, 20 жылдан кейін ана тілінде сөйледі.

ABAI.KZ.   «Дәстүрлі құндылық және радикалды идеология» - Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар.

SERKE.ORG.  «Рахат Әлиев түрмеде футболкасы мен белбеуінен айырылды» - Австрия түрмесінде жатқан Рахат Әлиев камераластары тарапынан қысымға ұшырап жатыр.

«”Қазақстан” телеарнасының кекесіні» - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы логотипін өзгертті. Телеарна атындағы «Қазақ» сөзінің астында көк түс, ал «стан» сөзінің фонына сары түс берілді. «Қазақстан» сөзі ақ әріптермен жазылыпты. Бар болғаны – осы. Бұл өзгеріс көрермендердің ойын сан-саққа жүгіртіп жатыр.

ULT.   «Абайдың діни көзқарастары» - Қазіргі алмағайып заманда ұлы Абай рухымен тыныстау, сол арқылы болмысы бөтен ой-танымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға зәрулік зор. Төменде данышпан ғұламаның дінге, иман, тағатқа қатысты жалпы адамзаттық ой-танымдары түндігін түріп көрмекпіз.

SHYN.KZ    «Ұрпағыңды қорға, Алданды қолда!» - Ойлаңызшы, ер балаңыз ертең бір жігітті үйге алып келіп: «мынаған үйленем»,- деп тұрса, масқара емес пе?! Осылай бетімен жіберсек, ертең-ақ солай болады!

«Қырымнан соң қырық мұң немесе Елбасы мың жаса!» - Сляван әлемі бұған дейін болмаған майданға килікті. Баласы ата-анасына шапқандай өзі өскен, кіндігін кескен Киевпен Мәскеу ұрыста. Әрине бұл да Қазақ дипломатиясы жеңісі. Егер сайланған солдатты көршіміз атын бері шалдырса... Қайтеміз?..   

4 шілде 2014, 08:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.