ALASHAINASY.KZ «Ресей Қазақстанды аяқтан шалуы мүмкін бе?» - Таяуда Қазақстан мен Беларусь Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу туралы ұсынысынан бас тартты. Бұл - біздің еліміздің Украинаға қатысты Ресейдің өрескел саясатын екінші рет қолдамауы.
«Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?» - Бүгінгі күні біздің елде 13 экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығы жұмыс істейді. Оның үшеуі мемлекеттік, қалған оны жекеменшік.
«Ресей ТМД елдерінің кез келген тұрғынына азаматтық бермек пе?» - РФ-ның Федерациялар Кеңесінің төрағайымы Валентина Матвиенко Моңғолияға барған сапарында «Ресейде дүниеге келген барлық сәбиге Ресей азаматтығын беру керек» деген идеяны қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап. Спикер осы мәлімдемесі аясында бүкіл ТМД елдерінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, азаматтық мәселесіне көлеңке түсірер жайларды да сөз еткен.
AIKYN.KZ «Басшылар мен көріпкелдер» - Сталинмен салыстырғанда Гитлер көріпкелдердің сандырағына көбірек сенген. Яғни болашақта бүкіл әлемді жаулауды армандаған Адольф билікке келмей тұрып-ақ көріпкелдермен жақсы байланыс орнатқан.
«Күтуші – әжені айырбастай ала ма?» - Бүгінде жалдамалы бала күтушілерге сұраныс көбеюде. Ғаламтор арқылы, таныс арқылы, бейтаныс арқылы болса да ұсыныс та, сұраныс та бір-бірін тауып жатыр.
AZATTYQ. ORG «Ресей газының бағасы саясатпен бірге құбылады» - Ресей газының қай елге қандай бағамен сатылып жатқанына қарап-ақ бұл елдің саясатын аңғару қиын емес.
«Ресейдегі балағатқа тыйым салуды жаратпайтындар» - Фильм, кино және БАҚ-та балағат сөздер айтуға тыйым салатын Ресейдегі жаңа заң сөз мамандарын қапаландырып отыр. Олар «тұздықты» сөздер орыс тілін байытатын құралдың бірі дейді.
QAZAQUNI.KZ «Қазаққа кіндік шешемен қатар “крестный” әке керек пе?» - Қазақ халқында баланың бойынан иненің жасуындай жақсылық көрсе “кіндік шешесіне тартқан ғой” деп әспеттеп отырған. Өз кезегінде баланы кіндік шешесін сыйлауға, құрметтеуге, үйреткен.
«Олар туған топырағын “сағынады”» - Шетелде қалған біраз қандастарымыз туған топырағына орала алмай отыр.