Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, Атырау облысы тұрғындарының саны 2009 жылғы ұлттық санақ нәтижелері бойынша 510,3 мың адамды құраған.
Алдыңғы (1999 жылғы) санақ нәтижелері бойынша, бізде 70,1 мың адамға немесе 15,9 пайызға көбейген. ҚР халқының саны бойынша Атырау облысының үлес салмағы 3,2 пайыз құрады (ел халқының саны – 16 млн.).
Бізге оғаш боп көрінсе де, соңғы 10 жыл ішінде қала халқы 3,7 мың адамға азайып, 238,9 мың адам құраған. Ауыл тұрғындары, керісінше, 73,8 мыңға көбейіп, 271,4 адам құраған.
10 жыл ішінде ер адамдар 34,3 мыңға, әйел адамдар 35,7 мыңға көбейген. Әйелдер қауымы бұрынғыша ерлерден басым: тиісінше, 51,1 және 48,9 пайыз. Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша әр 1000 әйелге 957 ер адамнан келсе, 2009 жылдағы санақ бойынша әр 1000 адамға 958 ер адамнан келеді.
Облыстағы ең көп ұлт – қазақтар (91,1 пайыз) мен орыстар (6,6 пайыз).
Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА