Атырау, 19 желтоқсан 11:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Өз еліне өкпелеген орыстар Украинаны паналайды". "Қандастар: «Екі анықтама», «Бір тентіреу», «Қамалу және сотталу". "Герольд БЕЛЬГЕР: “Қазір біздің жазушыларымыз өз ойларын еркін айта алмайды...”". "Ең ұзақ ауыз бекітетін ел. Ол қайсы?".

1 940 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан экспорттан жүз есе көп ет импорттайды» - 2013 жылы Қазақстан 1,6 мың тонна ет шетке сатып, 209,8 мың тонна ет сырттан алған. Бұл жағдайда сарапшылар үкіметтің 2015 жылдан бастап Ресейге ет экспорттау жоспарына қатты күмән келтіреді.

«Өз еліне өкпелеген орыстар Украинаны паналайды» - Саяси репрессия мен бизнес климаттың бұзылуынан қашып, Украинаны паналап жатқан ресейліктер көбейіп келеді. Азаттық Украинаға көшкен Ресей азаматтарынан көшу себебін сұраған еді.

ABAI.KZ. «Миссионерлер кезіп жүр» - Жұмыссыздар, өмiрден өз орнын таппағандар, рухани iзденiсте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дiнiн терең бiлмейтiндер, әсiресе жастар миссионерлердiң үгiт-насихатына тез iлiгедi.

«Қандастар: «Екі анықтама», «Бір тентіреу», «Қамалу және сотталу» - Олай дейтініміз – «анықтамаларды» алу және беру жағында екі елдің заңдық негіздері қарастырылмай, өзара қарама-қайшылық тууда. Ал оның зардабын қарапайым халық тартады.

AIKYN.KZ. «Теңге құнсыздана ма?» - «Әлеуметтік желі» дейтін бір керемет бар. Соны ашып қалсаң, түрлі тақырыптағы «бос сөздер» мен «дейді екендер» қаптап жүреді.

MUSLIM.KZ. «Ең ұзақ ауыз бекітетін ел. Ол қайсы?» - Биыл ауыз бекіту уақытының ұзақтығы географиялық ерекшелікке байланысты әр жерде әр түрлі. Мәселен, Дания мұсылмандары европа елдерінің ішінде ең ұзақ уақыт ауыз бекітеді (21 сағат). Аргентина мұсылмандары ең аз уақыт ораза ұстайды екен (9 сағат). Ал, еліміз бойынша орташа есеппен 18, 19 сағат ораза ұстайды.

MAIDAN.KZ. «Герольд БЕЛЬГЕР: “Қазір біздің жазушыларымыз өз ойларын еркін айта алмайды...”» - Көпшілігі менен қауіптенеді. Осының өзінде ойымды сақтықпен ашық және үндемей қалатын кездерім болады. Мәселен, қазақ жөнінде сөйлеуге келгенде, Абай айтатын кемшіліктерді мен де айта аламын. Бірақ Абайдың айтуға «правосы» бар да, менің оған «правом» жоқ. Басқа ұлттың адамы болған соң, кемшілікті баса айтуым дұрыс емес. Кезкелген қазақ маған: «Әй, сен немістеріңді жөнге келтіріп ал!», «Қазақта не шаруаң бар?» деуі мүмкін ғой. Сонда уәжің жоқ қой айтатын оларға. Мен осыны жақсы түсінемін..

BAQ.KZ. «Өзгелер мойындаған қазақ медицинасын өзіміз қашан мойындаймыз?» - Дертіне дауа іздеген жан шетел асатын болды. Бұған ешбір қарсылығымыз жоқ. Жанына батқан дертіне дауа іздеген азаматтар құлан-таза айығып келіп жатса, біз оған қуаныштымыз. Әрине, шетелде емделген азамат аз ақша жұмсамайды. Қалтасы біршама қағылады

2 шілде 2014, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.