AZATTYQ. ORG «Ресейшіл сепаратистер ағылшынша науқан бастады» - Ресейшіл сепаратистер күн сайын ағылшын тілінде видео шығарады, Facebook-те кем дегенде төрт тілде жазады. Бұдан олардың орыстілді елдерден бөлек, басқа да әлемнен қолдаушылар іздейтіні байқалады.
ALASHAINASY.KZ «Гитлерді-желеу, ардагерлерді-қолшоқпар етіп отырған кімдер?» - «Аңыз адам» журналына «Гитлер» жайлы материалдар жариялаймын деп басы дауға қалған Жарылқап Қалыбай соңғы уақытта соттан көз ашпай кетті.
«Алматы әлемдегі "салақ" қалалардың көшін бастап тұр» - Күні кеше халықаралық Mercer Human Resource Consulting компаниясы ауаның ластануы, қалдықтарды өңдеу, ауыз суының жарамдылығы тұрғысынан мәліметтерді негізге ала отырып дүниежүзіндегі ең лас қалалардың тізімін жасады. Алматы аталмыш тізімде Баку, Әзірбайжан, Мексика, Үндістан, Эфиопия, Бағдат, Конго, Мадагаскар, Бангладешь қалаларынан кейін оныншы орынға табан тірепті.
«Кіндігіңді кім кесті немесе "крестный" керек пе?» - Халқымыздың салт дәстүрге бай екендігі аян. Алайда тарих тасасында ұмыт қалғандары да аз емес. ұрпақ тәрбиесіне қомақты үлес қосатын кіндік шешені мүлдем сызып тастағандаймыз. Тереңнен тамыр тартатын тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз кіндік шешені өз анасынан кем құрметтемеген. Сәби дүниеге келгенде оның кіндігін кез келген жан емес, басалқалы, көпке үлгі-өнегелі аналар кескен.
«Ресей одақтастары украин тауарларын шектеуге құлықсыз» - Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу ұсынысына Қазақстан мен Беларусьтің қарсы шыққаны хабарланды-деп жазады Азаттық радиосы. Сарапшылар Мәскеу Киевпен арадағы жанжалға Астана мен Минскіні араластырмақ дейді.
TURKYSTAN.KZ «Украина – Еуроодақ табалдырығында» - Украинадағы бейберекетсіздік неден басталып еді? Бұл сауалға жауап беру үшін кешегі биліктің іс-әрекетіне аз-кем шолу жасауға тура келеді.
MAIDAN.KZ «”Шала қазақ” та, “ада қазақ” та болмайды» - Соңғы кезде баспасөз бетінде, сұхбаттарда «шала қазақ» ұғымын айту, келтіру, ол туралы мәселе көтеру жиі кездесуде. Осы төңіректе ойланып, «нағыз қазақтардың» ұсынысын талдап қарасаң, көңілің налиды екен.
NAMYS.KZ «Жақсы адам тағдырына ешқашан налымайды» - Мен де осы сөзбен бастағым келеді. «Торғайды оятқан теректің сыбдыры ма әлде, теректі сыбдырлатқан торғай ма?», – дегендейін әр адамның жан-жүрегі тербеліске түсетін бір сәттер болады.
JAQSY.KZ «Оразаның денсаулыққа он пайдасы» - Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін қос дүниеде де пайда болары сөзсіз. Ораза да осылай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз.