ALASHAINASY.KZ «Өнердегі жұлдыздардың 80 пайызы ораза ұстайды» - Он екі айдың сұлтаны, ең қасиеттісі – Рамазан болса, осы айда күллі мұсылманға парыз етілген ораза – адамзатқа берілген мейірімді мүмкіндік.
AZATTYQ. ORG. «Сыртқы және ішкі цензура қысқан БАҚ» - «Журналистер күні» қарсаңында Азаттыққа сұхбат берген қазақтілді журналистиканы зерттеп жүрген маман Қазақстандағы билік пен БАҚ-тың қарым-қатынасы және сөз бостандығы ахуалы туралы ойларын айтты.
«Украина, Грузия, Молдова ЕО-ға неге құмартты?» - Еуропа Одағы Украина, Грузия және Молдовамен маусымның 27-сі күні маңызды саяси және сауда келісімшарттарына қол қояды. Келісімдер бұл үш елге қандай пайда береді және Ресей оған неге қарсы?
«НАТО басшысы Ауғанстан үкіметіне сенім артады» - Андерс Фог Расмуссен Азаттыққа ауған сайлау комиссиясының әділдігі мен үкімет жасақтарының бейбітшілікті сақтай алатынына сенетінін айтты. Ол «Талибанмен» келіссөзді Кабул жүргізуі керек дейді.
«”Януковичтен қалған бандамен” күрес басталды» - Бұрынғы президент Виктор Януковичтің тұсында Украина кәсіпкерлері тонаушы рейдер топтардың құқайынан зәрезеп болған еді. Енді олар «тәркіленген» мүліктерін қайтарып алып жатыр.
AIKYN.KZ «Бизнестің “жаналғышы” кім?» - Қазақстан әлемдегі ең бір кешірімшіл мемлекетке айналып келеді. Жақында елдегі қылмыстық заңнама ізгілендіріліп, көптеген қылмыскерлердің жазасы жеңілдеді, кейбірі тіпті жауапкершіліктен босатылды.
«104 заң қабылдады» - Сенат осы сессиядағы өзінің соңғы жалпы отырысын өткізді. Жиында Жоғарғы палата депутаттары 5 халықаралық келісімді ратификациялап, 3 заң жобасын құптады. Ал, жалпы алғанда, Парламент 3-сессия барысында 104 заң қабылдапты.
TURKYSTAN.KZ «Жолайрықтағы қазақ журналистикасы заманауи талаптарға сай бола ала ма?» - Журналистика – қоғамды, елді алға сүйреуші, дамытушы күш. Адамдар санасына ой салатын, азаматтық ұстаным қалыптастыратын, әр пенденің өзіндік “менін” қалыптастыратын ғылым.
«Төлем карточкаларына шектеу» - Қазір қанша жұрттың қажетіне жарап тұрған төлем карточкалары алдағы 10 жылда іске алғысыз боп қалуы мүмкін. Өйткені төлем жүйелерін жақсартуды, жетілдіруді көздеп отырған ағайын карточкалардың орнын ұялы телефон басқанын қалайды. Бұл туралы жақында Үкімет жетекшісі мәселе көтерді.
«Ортақ ақпараттық кеңістік құрылмақшы» - Сонымен қатар исі түркіге ортақ ақпараттық кеңістік қалыптасса, кезінде КСРО шекпенінде болған посткеңестік елдердегі Кремльдің саясаттың ықпалы әлсіреп, адамдар санасындағы құлдық психологияны жоюға сеп. Ол үшін түркі бірлігі атты ұғымды кеңінен насихаттаған абзал.
ABAI.KZ. «Одақтан қашан “шығамыз”»? - Алайда біз бәсекелес боламыз деп одақ құрып жүргенде Еуроодағыңыз ыдырайтын түрі бар. Tengrinew.kz сайты англиялықтардың Еуроодақ құрамынан шыққалы жатқаны туралы ақпарат таратты. Бұдан бұрын осы елдің үкімет басшысы Дэвид Кэмерон Ұлыбританияда Еуроодақ құрамынан шығуға қатысты 2017 жылдың соңында референдум өткізілетіні туралы айтқан.