Атырау, 11 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Балабақша кезегіне интернет арқылы жазылуға мүмкіндік тумақ

3 947 просмотра

Қазақстан халқы енді электрондық үкімет порталы арқылы өз балаларын балабақша кезегіне жазып, сауда нүктелерін ашуға рұқсат ала алатын болады.

«Новости Казахстан» ақпарат агенттігі хабарлағандай, ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, www.e-gov.kz cайтының («е-үкімет») шеңберінде «е-акимат» атты жаңа жоба жұмыс істемек. Бұл жобаның көмегімен аймақ тұрғындары жергілікті атқару билігінің құзырына жататын мемлекеттік қызмет түрлеріне қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, «е-акимат» жобасы аясында қала тұрғындары электрондық үкімет порталының көмегімен балаларын балабақша кезегіне жазып, жұмыспен қамту орталығының есебіне тіркеле алады. Және, сауда нүктелерін ашуға рұқсат ала алатындай мүмкіндіктері туады.

Бұл жобаның шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі алға қарай кеңейтіледі деп күтіліп отыр. Ол сынақтық жоба ретінде бірінші Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында іске қосылмақ.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

16 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.